Архив событий

01/03/2017

Қылғындырып өлтірушілер қамауға алынды

01/03/2017

Атырау қаласының № 2 сотының тергеу судьясы  Атырау облысының ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасының тергеушісінің Атырау қаласының тұрғындары М.Ә.-ге және М.Б-ге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішті қарады.

Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99 бабының 2- бөлігі 7 тармағымен, яғни адамдар тобы болып, құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуды ұйымдастырушымен бірге құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушы болып қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін күдіктінеді.

Конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

01/03/2017

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

1. Салыкова Гульназ Ержановна - Атырау облысы бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымына (С-О-5 санаты) –тұрақты орынға;