Архив событий

02/03/2017

Экономикалық сотта Жолдауды талқылауға арналған мәжіліс өтті

02/03/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауын талқылауға арналған мәжіліс өткізді.

Автокөлік үшін дауласқан тұрғындар сотта келісімге келді

02/03/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы У.К.-ның жауапкер Т.С.-дан автокөлігін өзіне қайтарып алып беруді және айыппұлды өндірту туралы азаматтық істі қарады.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы У.К. 2014 жылы жауапкер Т.С.-ға автокөлігін 2 жыл мерзімге көлік құралын басқаруға бергенін,бірақ жауапкер көліктің салығын төлемей, үшінші біреуге сатып жібергенін айтып,автокөлігін өзіне қайтаруды және айыппұл өндіртуді сұраған.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасақталған медиациялық келісім бекітілді

02/03/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Кредитное товарищество «Атырау» ЖШС-нің «Ажибай» шаруа қожалығы С.М.Сарсекеновтен, Б.Сарсекеновтен 1 608 221 тенге берешек, 268 779 тенге сыйақы, 669 213 тенге өсімпұл сомаларын өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Сот тараптардың келісімге келуіне көмектесті

02/03/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Индер-Мақсат Несие Серіктестігі» ЖШС-нің жеке кәсіпкер         Ж.М.Шабдаровтан және «Тама» шаруа қожалығынан 2 187 500 теңге негізгі қарыз,  241 434 теңге сыйақы, 1 099 772 теңге өсім өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Ар бар жерде, ұят та бар

02/03/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен Х.А.-ға қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Х.А. бөтеннің мүлкін тұрғын үй жайға заңсыз кiрумен  жасырын жымқыру мақсатында,  2017 жылдың ақпан айының айының 2-нен 3-не қараған түні Индер кентінің тұрғыны К.М.-нің үйінің ауласына кіріп, жасыл түсті қол арбасын  ұрлап алып, оған 6 000 теңге материалдық залал келтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Тыйым салынған құралмен балық аулаған

02/03/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотыда Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен П.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, П.А. 2017 жылдың ақпан айында Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылындағы Шарон өзегінің мұз үстінде тыйым салынған «багор»  құралымен балық аулап жатырған кезде ұсталған.

Сот әкімшілік іс бойынша жекеше қаулы шығарды

02/03/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен Б.Катпеновке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Б.Катпенов 2017 жылдың ақпан айында мен қоғамдық орында адамның қадыр-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүрген, оған 5 тәулік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңын бұзғаны үшін сотталды

02/03/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық соты азамат Т.-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, Құлсары қаласында ер азамат заңсыз тыйым салынған қызмет түрін ұйымдастырған, яғни ол жеке кәсіпкерлік ретінде Салық органына тіркелмей,ойын мекемесiн заңсыз ашып,  ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастырған.Ол үшін азамат Т. Құлсары қаласы, Тайманов көшесі №242 ғимараттың бір бөлмесін жалға алып, Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңын бұзып, заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқан.

Ресей азаматы Атырауда уақытша тіркеусіз жүрген

02/03/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотымен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының азаматы О.В.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың 07 қаңтарында Ресей Федерациясының азаматы О.В. Қазақстан Республикасына жеке мақсатпен өтіп, Республика аумағында ішкі істер органдарының тіркеуінсіз жүріп, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған.