Архив событий

15/03/2017

Жылыой аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

15/03/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында жұмыс жоспарына сәйкес, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру  мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Сот төрағасының м.а Б.Дюсебалиеваға құқықтық мәселелі сұрақпен  Құлсары қаласының тұрғыны азамат Е.Утегенов жүгінді.

Азамат Е.Утегеновтің айтуынша оның туу туралы куәлігінде туған жылы қате жазылып, осы уақытқа дейін туған жылын өзгерте алмай жүргендігін айтып, мәселенің мәнін шешу үшін сотқа жүгінген.

22 690 теңге әкімшілік айыппұл салынды

15/03/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен С.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы С.Б. Махамбет аудандық «Тұрмыс-қызмет» ЖШС-нен келген коммуналдық қызмет үшін банкке төлейтін түбіртек қағазын Махамбет ауылы Олжабаев көшесі бойына қоғамдық орында лақтырып,  белгіленбеген орындарға қоқыс тастап, ортақ пайдаланатын орындарды ластап, ұсақ бұзақылық әрекеттерін жасаған.