Архив событий

16/03/2017

Айгүл Ташенова жоғарғы оқу орны студенттеріне «Елдегі үшінші жаңғыруды» түсіндіріп берді

16/03/2017

Атырау қаласының №2 сотының төрағасы Айгүл Ташенова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор – оқытушылық құрамы және студенттерімен кездесу өткізді.

Фемида өкілінің оқу орнына келудегі мақсаты – Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын және мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы билікті бөлу бойынша Конституциялық өзгерістерді түсіндіру.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экономикалық тренинг өткізілді

16/03/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың, сот мамандарының және «Дана Жол» қолданбалы экономикалық орталығы өкілінің қатысуымен «Қазақстанның экономикалық даму моделі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Жаңа Жолдау жаңа мақсаттарға жол ашады

16/03/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Жұмабаев, судьясы Ғ.Отарұлы және Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы З.Хамидуллина Қазақстан Республикасы Президенті – Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын насихаттау аясында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттерімен кездесу өткізді.

Қызылқоға аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіншіліктерін насихаттау және түсіндіру мақсатында семинар-тренинг өткізілді

16/03/2017

Сот жүйесіндегі «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіншіліктерін насихаттау және түсіндіру мақсатында «Сот кабинеті» сервисін қолдану – бүгінгі күннің талабы» тақырыбында  семинар-тренинг өткізілді.

Аталған шараны Қызылқоға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі м/а Р.Бауыржанұлы Қызылқоға аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына барып, село тұрғындарына «Сот кабинеті» сервисін пайдаланудың тиімділігі мен қолдану тетіктерін айтып түсіндірді.

Атырау қалалық сотында сот медиациясы бойынша пилоттық жоба таныстырылды

16/03/2017

Атырау қалалық сотында даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу жұмыстарын түсіндіру  мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Судьялар заңнамадағы өзгерістерді талқылады

16/03/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық  сотында судьялар арасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу» тақырыбына семинар сабағы өтті.

Бұрынғы прокурор Л.Смадьяроваға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

16/03/2017

2017 жылғы 16 наурызда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушы Л.Смадьярова және оның қорғаушыларының апелляциялық шағымдарын қарап, бірінші саты сотының үкімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

Еске сала кетелік, 2017 жылғы 10 ақпанда Атырау қаласының №2 соты прокуратураның бұрынғы қызметкері Лейла Смадьярованы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366 бабымен (пара алу) кінәлі деп танып, оны жеті жылға бас бостандығынан айырған болатын.