Архив событий

18/03/2017

Құрметті Атыраулықтар!

18/03/2017

Сіздерді шын жүректен табиғаттың оянып, жасарып, жаңғыруымен байланысты болатын шұғылалы көктемнің Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бұл күндері өткен реніштер,  руаралық араздық пен қанды соғыстар, даулар, кешіріліп, реттеліп, тоқтатылатын болған.

Атырау облысының соттары көктем мен жаңару мерекесін атап өтті

18/03/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Шығыс халықтарына ортақ үлкен бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналатын «Наурыз» мерекесіне арналған мерекелік шара өтті.

Сот төрағасы Ж.Жақсылық «Наурыз» мересі халықтар достығының үлкен мерекесі екенін, Көктемнің табиғат ананың жаңару мен жанддану маусымы екенін атап айтып, сот қызметкерінің жұмыстарына табыс, отбастарына денсаулық пен бақыт тіледі.

Мереке соңы мамандардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі соттардағы жұмыс сапасын жақсарту мәселесі бойынша жиналыс өткізді

18/03/2017

Атырау облыстық сотында бейне конференц байланыс жүйесі арқылы аудандық және оған теңестіріліген сотарының кеңсе меңгерушілерінің қатысуымен соттардағы статистикалық мәліметтердің сапалы жүргізілу, жаңа заңнамалық өзгерістер, жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Отырысқа Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары Б.Жолдаспаева, бөлім басшылары мен қаладағы соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Атырау қалалық сотында сот орындаушылардың қатысуымен жұмыстық кездесу өтті

18/03/2017

Атырау қалалық сотында «Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды электронды түрле ақпараттық жүйесімен жолдауда туындайтын мәселелер, атқарушылық құжаттардың негізсіз қайтарылуы» тақырыбында  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 27 қаңтар 2017 жылғы тапсырмасы бойынша  жұмыстық кездесу ұйымдастырылды.

Жылыой аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелері талқыланды

18/03/2017

Жылыой аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада жіберілген кемшіліктерді жою, хаттаманың жасақталу мерзімінің сақталуы»» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Атырау облыстық сотының судьясы А.Калимукашева, аудандық соттың судьялары, жергілікті полиция бөлімінің басшысы, ,  әкімшілік тәжірибе тобының жауапты қызметкерлері қатысты. Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың талаптарын сақтау, заңның өрескел бұзылуының алдын алу.    

Мемлекеттік тіл-татулықтың тірегі

18/03/2017

Махамбет аудандық сотында «Мемлекеттік тіл-татулықтың тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге соттың  қызметкерлері, аудан прокурорының  аға көмекшісі А.Буденова, аудандық кірістер басқармасының өкілі Р.Мырзағалиев, аудандық аудандық инспекциясы бөлімінің өкілі Р.Гумарова, сонымен қатар ҮЕҰ өкілдері яғни,  аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілі Н.Ташекенова, аудандық тарихи өлкетану мұражайы өкілі А.Салимгереева қатысты.

Алғыс айту сөздері

18/03/2017

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына азаматтардың атынан бірқатар Алғыс хаттар келіп түсті.

Хат авторы О.Ш. Атырау облыстық сотының судьялары Ж.Н.Мадьярова, Г.Ә.Қарабалина және Г.Ғ.Исамберлиеваға олардың тынымсыз еңбегі, әділдікті орнату, жоғары кәсіби деңгейі үшін зор алғысын білдірген.

Отбасының тыныштығын сақтауда медиацияның маңызы зор

18/03/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында азамат А.-ға қатысты жекеше айыптау ісі қаралды.

Сотталушы А. өзінің заңды некедегі зайыбы Г.А.-ға ішімдік ішкен мас күйінде қол көтеріп, ұрып соққан.

Басты сот талқылауында жәбірленуші Г.А. күйеуіне кешірім беріп, нәтижесінде олар медиация тәртібімен татуласып, жәбірленуші күйеуін жауаптылықтан босатуды сұрады.

Жол-көлік апатына ұшыраған

18/03/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен Ж.А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Ж.А. Атырау-Индер тас жолы тұсында «Lada 21725 169-33» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарып, сақтық шарасын қолданбай, басқару жүйесін игере алмай, тас жолдың сол жағына аударылып, жол-көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде автокөлікке материалдық залал келтірген.

Сот тараптардың келісімге келуіне көмектесті

18/03/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ciorap» (Чорап) ЖШС-нің  «Bio Food Trade West» ЖШС-нен   949 359 теңге  берешекті  өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Махамбет аудандық сотында оқу семинары өтті

18/03/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын талқылауға арналған семинар сабағы өтті.