Архив событий

24/03/2017

Жас судьялар студенттерге Президент Жолдауын түсіндірді

24/03/2017

Атырау облыстық сотында Президент Жолдауын насихаттау мақсатында Жас судьялар кеңесінің ұйымдастыруымен судьялардың Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Атырау қалалық сотының судьясы Г.Турганова мен Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы З.Хамидуллина студенттерге Елбасының биылғы Жолдауының мақсатын түсіндіріп берді.

Жылыой аудандық сотында жер дауларына қатысты дауларды сотқа дейін реттеу мәселелері талқыланды

24/03/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында жер дауларына қатысты дауларды сотқа дейін  реттеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға аудандық сот судьялары, аудан прокурорының көмекшісі А.Есенғожина, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары М.Қаржау, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Жалелов, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Д.Наурызбаев, аудандық жер кадастр бөлімінің бас маманы Б.Тукеев, тәуелсіз бағалаушы Б.Таубаев, аудан әкімі аппаратының құқықтық бөлімінің бас маманы Г.Айшуақова қатысты.

Банктерге қарыз және коммуналдық қызмет түрлеріне төлем жөнінде туындайтын дауларды қарау барысында медиация рәсімдерін қолдану бойынша дөңгелек үстел

24/03/2017

 Атырау облысының Жылыой  аудандық соты  «Банктерге  қарыз және коммуналдық қызмет түрлеріне төлем жөнінде туындайтын дауларды  қарау барысында медиация рәсімдерін қолдану»  тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.     

Шараға татуластыру рәсімін үйлестіруші судья Ж.Аятов, «Жылыой Газ» АҚ-ы, «Казкоммерцбанк» АҚ-ы, «Каспий Банк» АҚ-ы, «Атырау Жарық» АҚ-ы филиалдарының өкілдері қатысты.  

Қызылқоға аудандық сотында атқару құжаттарын жөнелтудегі кейбір мәселелер бойынша жұмыс бабындағы кездесу өткізілді

24/03/2017

 Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қызылқоға аумақтық учаскесінің аға сот орындаушысы А.Утеулиева мен жеке сот орындаушы Н.Аймағанбетовтың және барлық сот мамандарының қатысуымен атқару құжаттарын жөнелтудегі кейбір мәселелер бойынша жұмыс бабындағы кездесу  өткізілді.

Аталған шарада сот мамандары мен сот орындаушылар кейбір сот актілерінің орындалу жай-күйін талқылай отырып, орындау барысында электрондық ақпараттық жүйемен өзара іс-қимылда туындайтын кейбір мәселелерге де тоқталып өтті.

Жүк көлігінің жүркізушісі көлік жүргізу құжатынан айырылды

24/03/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен Б.Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Б.Т. Атырау-Индер тас жолы «Дастан» шаруа қожалығы тұсында «Камаз 55111» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, Б.Т-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.