Архив событий

31/03/2017

Жолаушылар поезында жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, айыппұл төледі

31/03/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Ақтөбе қаласының тұрғыны құқықбұзушы азаматша М.-ға қатысты ұсақ бұзақылық жөнінде әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы М. «Атырау-Ақтөбе» жолаушылар поезының вагонында, яғни қоғамдық орында алкоголь ішімдігін ішіп, былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.        

Сот отырысында ол кінәсін мойындап, айналасындағы адамдарға сыйламаушылық білдіргені үшін өкінетіндігін айтып, кешірім сұрады.

Сотта сатып алушының құқығы қорғалды

31/03/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Самрук Энерго Инжиниринг» ЖШС-нің «MAGNAT   PETROULEUM» ЖШС-нен 2 100 000 теңге қарыз сомасын,  105 000 теңге тұрақсыздық айыбын, 444 000 теңге  залалды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың сәуір айында талап қоюшы мен жауапкердің арасында жалпы сомасы 2 100 000  теңгені құрайтын  № М/32-16 санды мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарты жасалған.

Ювеналды сотта жасөспірімге қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/03/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігі «1,2,3» тармақтарында көзделген,  ұрлық - яғни, бөтен мүлікті адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен,бірнеше рет автокөлік құралының салонына заңсыз кіру арқылы жасырын жымқыру болып табылатын қылмыстық әрекеттерін жасаған жасы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс ҚПК-тің 382-бабына сәйкес, қысқартылған тәртіпте қаралды.

Бұзақылық жасаған жігітке медиация көмектесті

31/03/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында азамат Ж.Е.-ге қатысты қылмыстық  іс қаралды.

Сотталушы Ж.Е. алкогольдік масаң күйде, тойдан шығып бара жатқан жәбірленуші С.-ға еш себепсіз тиісіп, оны қолымен итеріп жерге құлатып, ал жәбірленуші К.-ге де еш себепсіз тиісіп, жұдырығымен бет әлпетінен ұрып соғып, жерге құлатып, оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен.