Архив событий

05/04/2017

Қорғаушылық үшін пара алған

05/04/2017

Атырау қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 1) тармағыменайыпталған Г.А.ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Г.А. Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаметінің УГ-157/10 мекемесінің жедел іздестіру бөлімінің жедел уәкілі қызметін атқарған кезінде, яғни мемлекеттік қызметкер болып қылмыс жасаушыны қолдаушыіс әрекеті үшін сотталған О.Е.-дан 50 000 теңгені өз автокөлігінің ішінде пара алған.

«Қазақстан-Атырау» телеарнасындағы Атырау қалалық сотының судьясымен тікелей эфир

05/04/2017

2017 жылдың сәуір айының 3-де «Қазақстан-Атырау» телеарнасындағы «Заң қуаты» бағдарламасының кезекті шығарылымына Атырау қалалық сотының судьясы Ә. Қаршыға  қатысты.

Тікелей эфирде судья Ә.Қаршыға «Тұтынушы құқығы қалай қорғалады» атты тақырыбында сұхбат беріп, сонымен қатар, тұтынушының құқығы мен міндеттерін түсіндірді.

Бағдарлама барысында эфир қонақтарына көрмендерді қызықтырған көптеген сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Атырау қалалық сотында адвокатқа қатысты әкімшілік жаза тағайындалды

05/04/2017

Атырау қалалық сотында Ж-ның арызы бойынша жер учаскесіне меншік құқығын сатып алу –сату шартын жарамсыз деп тану туралы азматтық іс қарау кезінде  талапкердің өкілі М-ны сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

2017 жылдың наурыз айының 3-де сағат 10.31-дегі сот отырысында талапкердің өкілі М.-ның ұялы телефонына қоңырау соғылды. Іс барысында  төрағалық етуші судья Ж.Жумалиева ескерту жасап, күту залына кірер алдында ұялы телефонды арнаулы жәшіктерге тапсыру қажеттігін түсіндірді.