Архив событий

10/04/2017

Атырау облыстық сотында менторлық бойынша тренинг өткізілді

10/04/2017

Атырау облыстық сотында аймақта менторлық институтты дамыту мақсатында менторлар мен протежелерге арналған оқу тренингі өтті.

Тренингке судьялық менторлық бағдарламасына қатысушы қалалық соттардың судьялары қатысты.

Курстастар арасындағы дау медиациямен реттелді

10/04/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында колледж студентіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс фабуласы мынадай. Сотталушы С. сабақ арасындағы үзіліс кезінде өзінің курстасы М.-ны мазақтап, екеуі келіспей қалады. Нәтижесінде, С. өзіне қайтарылған жауабы ұнамағандықтан өз жолдасын ұрып, оған дене жарақатын келтірген. Осы жағдайдан кейін баласының жағдайын көрген жәбірленушінің анасы сотқа С.-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке шағыммен жүгінген.

Тараптар пилоттық жобаға қатысуға тілек білдірді

10/04/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені» 2017 жылғы 26 қаңтарда бекіткен болатын.

Осының негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасы бүгінгі күнде іске асырылуда.

Медиаторлар жаңалықпен танысты

10/04/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында «Дауларды сотқа дейінгі реттеудің артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы Д.Тұхфатова,судья А.Кұспанов,кеңсе мамандары, ауылдық округ әкімдері мен кәсіби емес медиаторлар қатысты.