Архив событий

11/04/2017

Атырау облысының Соттар әкімшісі мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудың екінші кезеңін аяқтады

11/04/2017

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлері жеке құзыреттерін бағалауға арналған әңгімелесуден өтті.

Қазіргі уақытта 130 қызметкер әңгімелесуден өтті. Аттестатталуға тиісті қызметкерлер жалпы қызметкерлер санының 60 пайызын құрайды.

Аттестациялық комиссия шешемінің қорытындысы бойынша 130 қызметкер өз лауазымына лайықты деген баға алды.

 

Балағаттағаны үшін айыппұл төлейтін болды

11/04/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Ж. 2017 жылдың наурыз айында Құлсары қаласы, 8-ауыл өндірістік аймағында орналасқан «Казтрансойл» мекемесі ішінде жұмыстасы Қ.-ны боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Жеке айыптау ісі бітімгершілікпен аяқталды

11/04/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109 (ұрып соғу) бабымен жеке айыптау ісі қаралды. 

Іс құжаттары бойынша,айыпталушы 2017 жылдың наурыз айында өзінің пәтерінде заңды некедегі жолдасы Г.-ғақол көтеріп, ұрып-соққан.

Жеке айыптаушы соттан күйеуін жауапкершілікке тартуды сұраған.

Жылыой аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

11/04/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Б.Дюсебалиева аудан тұрғындары үшін "Медиация-дауларды шешудің балама тәсілі" тақырыбында ашық есік күнін өткізді.

Ашық есік күні аудандық сотқа азаматтық процестік заңнама нормалары туралы сұрақтар бойынша азаматтар жүгінді. Барлық сұрақтар мен өтініштер сот актілерінің орындалуы мен медиацияны қолданудың негізі және оның артықшылықтарына байланысты болды.

Аудандық сотқа келген адамдардың сұрақтарына сот төрағасы түсініктемелер берді.

Атырау тұрғыны анасымен жанжалдасқан

11/04/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 2 бөлігіменқұқықбұзушы А.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 05 сәуір 2016 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабы 2 бөлігімен әкімшілік жазаға тартыла отырып, 24 наурыз 2017 жылы мас күйінде үйінде бірге тұратын анасы М.-ның ар-намысына тиетін сөздер айтып, ұрыс шығарып, мазасын алып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекет жасаған.

Құрманғазы ауданының тұрғыны заңсыз қару сақтаған

11/04/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында құқықбұзушы К.Б.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

К.Б-нің өзінің тұрғын үйінде еш жерде тіркелмеген 16 калибрлі «Иж-17» маркілі бір ұңғылы мылтығын заңсыз сақтап, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Құқықбұзушы К.Б. сотқа арыз жолдап, онда кінәсін мойындап, істі өзінің қатысуынсыз қарауды сұрайтынын көрсеткен.