Архив событий

12/04/2017

Сот ананың мүддесін қорғап балаларын өзіне қайтарды

12/04/2017

Талап қоюшы Г.С. жауапкер Ж.А.-ға кәмелетке толмаған балаларының тұрғылықты жерін анықтау туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Талап арызда ол жолдасымен ажырасқанын және жауапкермен ортақ некеден  2003 және 2008 жылғы кәмелет жасына толмаған екі балаларының барлығын көрсеткен.

Қазіргі уақытта балаларының біреуі әкесімен бірге тұрады. Алайда бұрынғы жолдасы 8 ай бойы анасына баласымен кездесіп, араласуға кедергі келтірген.

Сот шешімімен букмекерлік кеңседен талап қоюшының ұтысы өндірілді

12/04/2017

Атырау қалалық сотында Х.Н.-ның «EuroSportEliteBetting» ЖШС-неұтыс сомасы және моральдық зиян компенсациясын өндіру туралы азаматтық  іс қаралды.

Сотқа талап қоюшы Х.Н. арызын бере отырып, 2016 жылдың 19 қыркүйегінде букмекерлік конторада 20 000 теңге көлемінде үлкен теннис спорттық ойындарына экспресс бәс тігіп, ойын қорытындысына сәйкес бәс ұтысын жеңіп, түбіртекте көрсетілген 86 606 теңге сомасын алу үшін жауапкердің букмекерлік контарасына барған. 

Өзінің туған сіңілісін ұрып-соққан

12/04/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабымен жеке айыптау ісі қаралды. 

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, сотталушы З.А. 2017 жылдың қаңтар айында Х.Ерғалиев селосында орналасқан әкесінің үйінде пышақ алып, өзінің туған сіңілісі Г.А.-ны өлтіремін деп қорқытқан. Ағасы оның қолынан пышақты алып алғаннан кейін ол Г.А.-ны жұдырығымен ұрып-соғып, қасақана жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салған.

Индер ауданының тұрғыны әкесіне қатысты шығарылған қорғау нұсқамасын бұзған

12/04/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабында (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Ж.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта құқықбұзушының әкесінің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органымен оған  қатысты қорғау нұсқамасы шығарылғандығы анықталды.

Төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

12/04/2017

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-R-5 санаты үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;