Архив событий

14/04/2017

Атырауда жаңадан тағайындалған судья ант қабылдады

14/04/2017

Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов облыстың сот корпусына жаңадан тағайындалған әріптесін таныстырды.

Елбасының «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және босату» туралы 10 сәуір 2017 жылғы Жарлығына сәйкес Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы болып Г.И.Сейітқазиева тағайындалды.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін қамаққа алынды

14/04/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотындаҚазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен Х.С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Құқықбұзушы Х.С. сот орындаушымен бірнеше рет ескерілсе де, аудандық соттың борышкер Х.С.-дан Ж.Х.-ның пайдасына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған.

Сот оған 1 тәулік мерзімге қамаққа алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Ювенальдық сотта әдеп кодексін талаптарын сақталуын қамтамасыз ету мақсатында семинар сабағы өткізілді

14/04/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін талаптарын сақталуын камтамасыз ету мақсатында семинар сабағы өткізілді.