Архив событий

18/04/2017

Жеңгесін пышақпен ұрған

18/04/2017

Атырау қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен сотталушы Б.О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Б.О. алкогольдік ішімдік ішкен күйде, сөзге келіспеушіліктің салдарынан өзінің ашуын басқара алмай, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында, жеңгесінін оң жақ іш тұсына пышақпен ұрып, нәтижесінде Б.С.-ның денсаулығына қасақана ауыр дене жарақатын келтірген.

Сотпен тұрғын үйді сату-сатып алу шартын жарамсыз деп танудан бас тартылды

18/04/2017

Атырау қалалық сотында талап қоюшы Ж.Н. және У.А.-ның жауапкерлер С.Н., К.П.-ге сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызы қанағаттандырудан бас тартылды.

Сотта жауапкерлердің талап қоюшыдан 44 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алғаны анықталды. Бірақ, талап қоюшы бұл келісім шартты даулап, сенімхатты талап қоюшыға рәсімдегісі келгенін, ал оның орнына білместікпен өзінің үйін жауапкерлерге беріп қойғанын, келісім шарттан қаражат алмағанын айтқан. Ол өзін келісім шартты алдаудың ықпалымен жасақтадым деп есептейді.

Азаматтық іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде қаралды

18/04/2017

«Жалақыға дейін ақша» ЖШС-нің және жеке тұлға А.-ның арасында несие шарты жасақталып, соңғысы қарызға 50 000 теңге көлемінде қаражат алған.

 Алайда А. несие алып, оны қайтарудан жалтарған.

ЖШС-гі сотқа талап арызбен жүгініп, А.-дан 127 350 теңге қарыз сомасын және 3 820 теңге көлемінде мемлекеттік бажды төлеу шығындарын өндіруді сұраған.

Атырау облысының Исатай аудандық сотының шешімімен жауапкер А.-дан ЖШС-нің пайдасына 131 170 теңге өндірілді.