Архив событий

19/04/2017

Малшы спирттік ішімдіктер үшін иесінің малдарымен есептесті

19/04/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық іс қаралды. 

К.А. 2016 жылдың шілде айының аяғында Исатай ауданының Тұщықұдық селолық округіне қарасты «Көшеқара» елді мекенінде Ж.-ның қой малдарын бағып жүріп, телефон арқылы өзінің танысы Б.-ға өзіне темекі және алкоголь өнімдерін әкеліп беруін өтінген. Соңғысы тапсырған заттарды әкелген кезде  малшы оның ақысына өзі бағып жүрген иесінің алты қойымен есептескен.

Акелікті анықтау және алимент өндіру туралы даулы іс бойынша сот медиацияны қолдану арқылы тараптарды татуластырды

19/04/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкелікті анықтау және алимент өндіру  туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Сот тараптарға дауды медация тәртібімен азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысуға мүмкіншілік туралы хабарлама жолдады.

Жүргізуші көп мөлшердегі балықпен ұсталды

19/04/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты сотталушы У.М.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 240 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту  жазасын тағайындады.

Сотта анықталғандай, азамат У.М. 2017 жылдың ақпан айында Атырау облысы Исатай ауданының Забурын ауылының тұсындағы «Актобе-Астрахань» тас жолы тұсында өзіне бұрын таныс емес адамдардан жалпы салмағы 581 килограмм болатын «сазан» тұқымдас қара балықтарын сатып алған.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында брифинг өтті

19/04/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Атырау» газетінің тілшілерінің қатысуымен брифинг өтті.

Сот төрағасы Ж.Жаксылык 2017 жылдың 1-тоқсан қорытындысына тоқталып, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2278 әкімшілік іс түсіп, 2246 іс қаралғандығы туралы хабардар етті.

Оның 19-ы ескерту, 1135 әкімшілік айыппұл, 416 әкімшілік қамаққа алу және 263 көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, 201 тұлғаны Қазақстан Республкасының аймағынан шығару жазалары тағайындалды.