Архив событий

25/04/2017

Заңнаманы бұзған шетел азаматын Қазақстаннан шығарып жіберуден бас тартылды

25/04/2017

2017 жылдың наурыз айында Тәжікстан Республикасының азаматы И. Ч. әкімшілік құқық бұзушылық жасап, айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сәйкес, азамат И. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440 – бабының 1 тармағымен, яғни қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын масаң күйде келген.

Атырау қаласының Ішкі істер Басқармасы Атырау қалалық сотына елден шығарып жіберу туралы өтінішпен жүгінді.

Медиацияның көмегімен бұрынғы жұбайлар татуласты

25/04/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы А.С.-ның жауапкер М.А.-ға ортақ мүлікті бөлу туралы  азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы А.С. жауапкер М.А.-мен 2009 жылы некесі қиылғанын, ортақ некеден екі баласының барын, бір бөлмелі үйлері барын, 14 наурыз 2017 жылы жауапкермен некеден ажырасқанын, өзінің баратын жері жоғын, бір бөлмелі үйді және мүліктерін бөліп беруді сұраған.