Архив событий

27/04/2017

Сот отырысы қашықтықтан өткізілді

27/04/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен бейне-конференц байланысы арқылы онлайн режимде талап қоюшы Р.-дың жауапкер Қ.-ға  бес жасар баласымен араласу тәртібі туралы азаматтық іс бойынша сот отырысы өткізілді.

Талап қоюшы Р. өзінің қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында тұратындығын, Атырау қаласындағы сот отырысына баруға мүмкіндігі жоқтығын көрсеткен, сондықтан іс қашықтықтан байланысқа шығу арқылы қаралды.