Архив событий

04/05/2017

Ардагерге алғыспен

04/05/2017

Соғыс ардагерлерінің әрқайсының ерлігін өлшеп – пішу қиын. Бірақ, олардың барлығы бірдей алғыс пен  құрметке лайық. Біз олардың ерлігінің, батылдығы мен табандылығының алдында бас иеміз.

Сондықтан Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы мен судьялары соғыс ардагері Т.Ғұмаровты құттықтап барды.

Ірі мөлшердегі есірткі өткізгені үшін сотталды

04/05/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігінде көзделген (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмысты жасаған В.С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Көршісіне жала жапты

04/05/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 130 бабының 1-бөлігімен жекеше айыптау ісі қаралды. 

Сотталушы А.К. 2017 жылдың наурыз айында Х.Ерғалиев селосында жәбірленуші Ж.-ны жеңіл жүрісті әйел деп сөз таратып, жала жапқан.

Басты сот талқылауында жеке айыптаушы Ж. А.К.-мен медиация тәртібімен татуласқанын, оны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 130-бабынның 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасауда айыптаудан бас тартатындығын көрсетіп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрап өтініш тапсырды.

Жаңа пилоттық жоба некені сақтап қалды

04/05/2017

Атырау облысының Жылыой  аудандық сотында жеке санаттардағы дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу аясында талап қоюшы Х.-ның жауапкер Б.-мен  араларындағы некені бұзу туралы  азаматтық ісі қаралды.  

Колледж студенттерімен кездесу

04/05/2017

Атырау облысының Индер аудандық соты қызметкерлерімен Индер  көпбейінді ауылшаруашылығы колледжі студенттері,мұғалімдерімен және Жастар ресурсы қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында судья А.Құспанов сот жүйесіндегі өзгерістер, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін барлық сот процестерінің дыбыс- бейне жазбаға жазылуы, «Сот кабинеті» қызметінің қолданылуы және сот жүйесіндегі басқа да жаңашылдықтармен таныстырып, жаңашылдықтардың бәрі де сот жүйесін нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Жылыой аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

04/05/2017

Сот жұмысын ұйымдастыруға байланысты қабылданған өкімге сәйкес Атырау облысының Жылыой аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Б.Дюсебалиева азаматтарды қабылдау өткізді.

Қабылдау азаматтардың арыз-шағымдарын және басқа да өтінімдерін тыңдау, оларды шешу үшін жедел шара қолдану мақсатында Жылыой аудандық сотымен аптасына екі рет, басқа елді мекендерден келген азаматтар үшін күнделікті жұмыс уақытында өткізіледі.

Әзірбайжан азаматы елден шығарылды

04/05/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен Әзербайджан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының  халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.