Архив событий

16/05/2017

Міндетті медиация мәселелері Экономикалық сотта талқыланды

16/05/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында екінші деңгейдегі банктерінің, сақтандыру компанияларының және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ы Атырау филиалының өкілдерімен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотка дейінгіреттеудіенгізу бойынша пилоттьқжобаны іске асыру жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.

Экономикалық соттың сот залынан

16/05/2017

«Спецавтобаза» ЖШС-гі Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жеке кәсіпкер Ж.А.Карабаевадан өз пайдасына 86 659 теңге берешек сомасын өндіру туралы сот бұйрығын шығару туралы арызбен жүгінді.

Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызымен, даусыз талаптар бойынша судья шығарады.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

16/05/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жергілікті БАҚ өкілінің қатысуымен 2017 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Сот төрағасы Г.Даулетова 2017 жылдың 4 айында сот өндірісіне 19 адамға қатысты 11 қатысты іс түскенін, оның ішінде 5 адамға қатысты 5 қылмыстық іс немесе 45% аяқталғанын атап өтті. (2016 жылдың 4 айында 16 адамға қатысты 8 қылмыстық іс).

Үйден шығару дауы өзара келісіммен аяқталды

16/05/2017

Атырау облысының  Индер аудандық сотында талап қоюшы Индербор кенті әкімінің аппараты» ММ-нің жауапкерлер Т.А.-ға, М.Д.-ға жалдау шарты бойынша берешек ақысын өндіру, жалдау шартын бұзып, басқа тұрғын үй берместен пәтерден отбасымен шығару  туралы азаматтық ісі  қаралды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшымен жауапкерлерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2015  жылы 50 жылға жалға берілген, жауапкерлер ай сайынғы өтемақыны төлемей, 2017 жылға 219 888 теңге берешек болғандықтан, талап арызды қанағаттандыруды сұраған.

Балалар қараусыз балконда жүрген

16/05/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігінде  көзделген, яғни баласының тәрбиесімен айналыспаған анасына қатысты әкімшілік істі қарады. 

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қоғамдық қызығушылық туғызған істер бойынша брифинг өткізілді

16/05/2017

Аталған брифингке сот төрағасы Ж.Жаксылык, судьялар Ж.Хабаров, С.Кожахметова және «Сахара» Республикалық газетінің бас редакторы К.Батыров қатысты.

Атырауда аудандық мәслихат аппаратының есепшісі сотталды

16/05/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен және 314 бабының 1 бөлігімен (ескі Қазақстан Республикасы ҚК-і бойынша )  сотталушы О.Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы О.Р.2013-2015 жылдар аралығында Махамбет аудандық мәслихаты аппаратында есепші болып қызмет атқарған.

Өз қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, ол Халық банкіндегі еңбекақы шотына штаттық кестеде белгіленгеннен артық мөлшерде еңбекақы аударып отырған.

Құлсары тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

16/05/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық соты азаматша Б.-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сотпен анықталғандай, азаматша Б. рұқсатсыз Құлсары қаласында букмеркелік кеңсе ашып, ойын бизнесін ұйысдастырған.

Сотта кәсіпкер заңсыз ойын бизнесін ашудағы өз кінәсін мойындап, өз еркімен прокурормен процессуалдық келісім жасақтауға келіседі.

Атырауда жалған құжатты жүргізуші сотталды

16/05/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының үкімімен Е.М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 385-бабаның 3-бөлігімен (көрінеу жалған құжатты пайдалану) кінәлі деп танылды.

Сотта анықталғандай, Е.М. 2015 жылдың жаз айында өзіне таныс емес адамнан 40 000 теңгеге сериясы ЕК №005749 санды жүргізуші куәлігін сатып алған. Жүргізуші куәліктің жалған екендігін біле тұра, оны автокөлік жүргізу кезінде пайдаланған.

Сотта Е.М. кінәсін мойындап, әрекетіне өкініп, жеңіл жаза беруді сұрады.