Архив событий

18/05/2017

«Сот кабинеті» – сот жүйесіне қолжетімділікті арттыруға бағытталған тың жоба

18/05/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен сот төрелігін атқаруды оңтайландыру мақсатында талап арыздарды халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы ұтымды әрі оңтайлы жолдау туралы тапсырма берілген.

Сот кабинеті арқылы талап арыздарды ұсыну жүйесін насихаттау және дамыту Жылыой аудандық сотында да  іске асырылуда.

Бұзақы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласты

18/05/2017

Атырау қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен айыпталған С.С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, С.С. Атырау қаласы, Сатпаев көшесі бойында орналасқан «Флория» кафесінің алдында М.Т.-ға күш қолданып, соққан. Нәтижесінде М.Т.  жеңіл түрдегі дене жарақатын алған.

Сот отырысында тараптар татуласуына байланысты қылмыстық істі медиациялық тәртіппен қысқартуды сұраған.

Сот қаулысымен қылмыстық іс медиациалық тәртібімен қысқартылды.

Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі

18/05/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Хиуаз» үкіметтік емес ұйым мұшелерімен «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кәсіпкерге ірі көлемде айыппұл салынды

18/05/2017

Құлсары қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес, Құлсары қаласының жеке кәсіпкері Т.-ға берілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым талаптарының орындалуына бақылау жүргізілген.