Архив событий

23/05/2017

Судьялар мен полицейлер көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар мәселесін талқылады

23/05/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Атырау облысының ішкі істер департаментінде «Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылық» және  ӘҚБтК-нің 608 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қыбылданған жеке қаулылар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жаксылык, әкімшілік сот судьялары және Атырау ҚІІБ-нің қызметкерлері қатысты.

Мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

23/05/2017

Атырау қалалық сотында арыз беруші «Атырау облыстық наркология диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорнының азамат А.И.-ді наркологиялық ұйымға оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы  азаматтық ісі қаралды.

Судья радио бағдарламада сөз сөйледі

23/05/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ж.Хабаров «Қазақстан-Атырау» 100.2.ҒМ радиосына эфирге шығып, «Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат барысында судья Хабаров әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін сотпен тағайындалатын әкімшілік жаза түрлерін айтып, көп жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 30-тарауы көліктегі жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауапқа тартылатындығына тоқталды.

Қызылқоға аудандық сотында «Ана тілі – дана тіл» тақырыбында сайыс өткізілді

23/05/2017

Қызылқоға аудандық сотының мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда және жас ұрпақты өз ана тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында, тіл саясатын іске асырудағы маңызды салалардың бірі Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген «Ана тілі – дана тіл» тақырыбындағы қазақтың ақын, жазушыларының өлеңдерін  мәнерлеп жатқа оқудан сайыс өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді

23/05/2017

Махамбет аудандық орталық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршаның міндеті» тақырыбында аудандық соттың бас мамандары А.Утеулиеваның және А.Досмағамбетованың, аудандық Әділет басқарамасының жетекші маманы М.Искужинаның қатысуымен кітапхана мамандары мен тұрақты оқырмандар арасында кездесу өткізілді.