Архив событий

30/05/2017

Халыққа қызмет көрсету орталығында «Сот кабинеті» сервисі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

30/05/2017

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беруге бірыңғай терезе.

«Сот кабинеті» сервисін қолданушылардың санын ұлғайту мен халыққа сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығында Атырау қалалық сотының аға сот приставы У.Байдаулетов пен жетекші маман А.Кенжеғұлова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сот қызметкерлері «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

30/05/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотының кеңсе қызметкерлері «Сот кабинеті» ақпараттық-имидждік сервисі «Сот кабинетінің мобильді нұсқасын»түсіндіру  және қолданушылардың санын ұлғайту мақсатында ХҚКО келушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қабылданған азаматтық іс медиациямен аяқталды

30/05/2017

М.С. мен «Жалақыға дейін ақша» ЖШС-мен несие келісімшарты жасалып, оның шарттары бойынша М.С.-ға бір ай мерзімге 100 000 теңге несие берілген. Алайда, М.С. несие сомасын қайтару бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.

Осыған байланысты, «Жалақыға дейін ақша» ЖШС-нің директоры 306 500 теңгені өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Сотпен Пилоттық жоба тұрғындарға насихатталуда

30/05/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотының судьясы А.Куспанов «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалының мәжіліс залында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

«Атырау Жарық» АҚ-ның мекемесінде татуластыру рәсімдері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

30/05/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотының  судьялары мен кеңсе меңгерушісі татуласу рәсімдері мен дауларды сотқа дейін реттеу мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Құлсары қаласындағы "Атырау Жарық" АҚ–ы мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Дюсебалиева  медиация заңын  халық арасында насихаттау, медиацияның артықшылықтары, соттан тыс медиациялық келісімді жасаудың тәртібі мен талаптарын нақтылап түсіндірді.

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі, әңгімелесу өткізу кес

30/05/2017

ТАӘ

Әңгімелесу күні