Архив событий

01/06/2017

Атырау облысы соттары балаларды мерекемен құттықтады

01/06/2017

Бүгін Атырау облысы бойынша Соттар әікімшісі басшысының  орынбасары Б.Жолдаспаева және облыстық сот қызметкерлері Атырау қаласы Еркінқала селосының тұрғыны аз қамтылған отбасы С.Есенгаливтың үйінде болды.

Соттар әкімшісі басшысының  орынбасары Б.Жолдаспаева балаларды қорғау күні – бұл балалардың көңілін көтеру ғана емес, бұл барлық балалардың бақытты өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің саналы, адал азаматтары болуы үшін балалардың құқығын қорғау қажеттілігін қоғамға ескерту екенін атап өтті.

Әкімшілік сотта балалар суретіне конкурс өткізілді

01/06/2017

Бүгін Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот қызметкерлерінің балалары арасында 1-маусым Халықаралық балаларды қоғау күніне арнап «Бақытты балалық шақ» балалар суретіне шығармашылық конкурс өткізілді.

Конкурсқа көптеген көрнекі суреттер қойылған. Балалардың қиялына қызығушылықпен қарауға болады.

Мереке шеңберінде балаларға «Мен Қазақстанды суреттеймін», «Біз – біздің еліміздің лайықты болашағымыз», «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыптарына суреттер салу ұсынылды.

Алкоголь өнімін сатқан сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

01/06/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігі бойынша азаматша  А.О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.О. Миялы селосында орналасқан супермаркетте этил спиртінің көлемді үлесі 40 пайызды құрайтын 6 дана «Тайга» алкоголь өнімін бөлшек сауда арқылы өткізген. Қызылқоға АІІБ қызметкерлерімен аталған алкоголь өнімінің сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткізілгені анықталды.

Мақат аудандық сотында талқылау өтті

01/06/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының  2016 жылғы 28 сәуірдегі Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл Тұжырымдамасын талқылау өтті.

Тұжырымдама сот органдарының қызметін объективті және кәсіби негізде ақпараттық сүйемелдеу мақсатында әзірленгені, бұл өз кезегінде халықтың сотқа деген сенімін және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететіндігі айтылды.

Қызылқоға аудандық сотында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

01/06/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында тұрмыстық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтарының алдын-алу және сот жүйесінде гендерлік білімді насихаттау жұмыстарын  одан әрі жетілдіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек  үстелге Қызылқоға ауданы прокурорының орынбасары С.Жаңабаев, Қызылқоға АІІБ учаскелік инспекторлары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, Миялы селолық округі және аудандық соттың жауапты қызметкерлері қатынасты.

Жылыой аудандық соты көшпелі сот отырысында әкімшілік іс қарады

01/06/2017

Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жылыой аудандық Мұнай және газ колледжі ғимаратының залында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелет жасына толмаған азамат Қ. – ға қатысты көшпелі сот отырысы өтті.

Сот отырысы аталған колледж студенттернің қатысуымен өткізілді.

Іс материалына сәйкес, құқықбұзушы Қ. 2017 жылдың мамыр айында Құлсары қаласындағы «Жеңіс» саябағы маңында қоқыс қалдығын арнайы қоқыс жәшігіне тастамай, жерге лақтырып, қоғамдық орынды ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Аудандық соттың судьясы оқушыларды сот тынысымен таныстырды

01/06/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотының судьясы А.Ерғазиева «Құқықтық сауатты арттыру айлығы» атауымен ақпараттық-насихаттық шараларын жүргізу мақсатында Махамбет ауылындағы О.Шонаев атындағы орта мектебінде жоғарғы сынып оқушылары арасында сот тынысымен таныстыру бағытында кездесу өткізді.

Кафедегі адам өлтіру ісі бойынша алқабилер соты айыптау үкімін шығарды

01/06/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен жәбірленуші К.Н.-ны  қасақана қазаға ұшыратуға қатысты қылмыстық ісі қаралып аяқталды.

Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.