Архив событий

05/06/2017

Жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген мүліктік шығын және моральдық зиян өндірілді

05/06/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында талап қоюшы Т.Ж.-ның жауапкер К.К.-ға жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген мүліктік және моральдық зиянды өтеу туралы туралы азаматтық ісі қаралды.

Әкімшілік сот төрағасы дәріс өткізді

05/06/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жаксылық Атырау облысының «Нұр Отан» ғимаратында «Мемлекеттік органдардағы әкімшілік құқық бұзушылық мәселелерінің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

Төраға дәрісте мемлекттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық пен әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың салдары қандай жауапкершілікке әкелетіндігін түсіндірді.

Мақат аудандық сотында мемлекеттік білім беру несиесі бойынша берешекті өндіру туралы дау қаралды

05/06/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы «Қаржылық орталық» АҚ-ның жауапкер А.А.-ға мемлекеттік білім беру несиесі бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Аталған азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Жылыой аудандық сотында ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

05/06/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Дюсебалиева мен судьялар, ішкі істер бөлімінің өкілі Р.Сүндетова, адвокаттар алқасының мүшесі  Ж.Қазиева және ҮЕҰ өкілдері  қатысты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері талқыланып, осы тақырыпта баяндамалар тыңдалды. Дөңгелек үстел қатысушылары баяндамаларды талқылауға белсенді қатысып, ондағы мәселер бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Атырау облысы соттарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған шаралар өткізілді

05/06/2017

Соттың жұмыс жоспарына сәйкес және 4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні мерекесінің құрметіне Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік рәмізге құрмет - әр адамға міндет» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.