Архив событий

12/06/2017

Бірінші сатыдағы соттың еңбек дауы бойынша шешімі өзгертілді

12/06/2017

Атырау қалалық сотына шетел азаматы К. «K Caspian Engineering» ЖШС-нен  80 750 131,52 теңге көлемінде үстеме жұмыс өтемақысын өндіру туралы арызбен жүгінген болатын. Осыған орай 27 ақпан 2017 жылғы сот шешімімен  К.-ның «K Caspian Engineering» ЖШС-не қойған талабы ішінара қанағаттандырылды.

Көлікті ішімдік ішіп жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

12/06/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен С.Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, С.Д. 2017 жылдың  мамыр айында  өзінің басқаруындағы  «Lada 217050» маркалы автокөлігін  Доссор поселкесі, Т.Текеев көшесі бойында орналасқан №188 үйдің тұсында орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйінде жүргізіп, басқарған.

Сотта құқықбұзушы өз кінәсын толықтай мойындап, әрекетіне өкінді.

Тыйым салынған жерде балық аулаған

12/06/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, азамат Г. 2017 жылдың мамыр айында Исатай ауданы, Амангелді елді мекенінің тұсында Каспий теңізінің жағалауында қара балыққа арналған ау құралымен балық аулаған.

Сот отырысында Г. кінәсін толық мойындады.

Соттың қаулысымен Г. кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 45 380 теңге айыппұл салынды.