Архив событий

13/06/2017

Атырауда басшылықтың бұйрығын орындаудан бас тартқан әскери қызметшіге айыппұл салынды

13/06/2017

Атырау қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ф.Ансариевамен көшпелі сот отырысында әскери қызметші Б.-қа қатысты  іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2017 жылғы 26 мамырда сағат 04:00 шамасында қатардағы Б. бақылау өткізу бекетінде белгіленбеген уақытта уйықтап, бақылау тексеріс өткізу кезінде 51809 «Е» әскери бөлімінің взвод командирінің белгіленген тәртіппен берілген бұйрығын орындамаған.

Бейнеконференц жүйесі арқылы іс қаралды

13/06/2017

Атырау қалалық сотында талап қоюшы С-ның жауапкерлер Т. мен Қ-ға қатысты моральдық залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралуда.

Жауапкер Қ. қазіргі таңда жазасын Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округі, Тасқала ауылында орналасқан УГ-157/9 мекемесінде өтеуіне байланысты, азаматтық іс судьямен бейнебайланыс арқылы қаралуда.

Сот отырыстарын бейнебайланыс тәртібімен өткізу сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, істердің қаралуын тездетеді. Бұл ретте сотталған адамның қылмыстық-процестік заңнамада көзделген құқықтары бұзылмайды.

Туберкулезден мәжбүрлеп емдетуге жіберілді

13/06/2017

«Мақат аудандық орталық аурухана» ШЖҚ МКК-ы сарапшы қорытындысына  сәйкес туберкулез  ауруымен ауратын және өз еркімен емделуден бас тартқан азамат Б.-ны мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы арызымен сотқа жүгінді.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 107- бабының 2 бөлігіне сай, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрігер тағайындаған емделуден медициналық құжаттамада тіркелген бас тартуы негіз болып табылады.

Сот жазасын өтеп келген сотталғанға әкімшілік қадағалау тағайындады

13/06/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотына Мақат аудандық ІІБ ЖПҚ басшысының бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған Мақат поселкесінің тұрғыны С.Т.-ға қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсынысы түсті.

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

13/06/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Индер-Мақсат Несие Серіктестігі» ЖШС-нің жеке кәсіпкер К.М.Дауленоваға 208 520 теңге негізгі қарыз, 9 917 теңге сыйақы, 311 219 теңге өсімақы өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Іске талап қоюшының өкілі ретінде адвокат Л.Кайралапова, ал жауапкер өкілі ретінде адвокат Ж. Сундеткалиева қатысты.

Заңсыз жолмен табылған балық-қылмыс

13/06/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196 бабының 1-бөлігімен сотталушы Г.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу).

Сотта анықталғандай, сотталушы Г. 2017 жылдың мамыр айында Индер ауданының Өрлік ауылынан өзіне бұрын таныс емес азаматтардан салмағы 1 240 кг. болатын қаракөз балықтарын әр килограмын 20 теңгеден сатып алып, заңсыз тасымалдап, полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Тараптар медиация рәсімдерін өткізу туралы өтініш білдірді

13/06/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында жеке санаттардағы дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу аясында талап қоюшы М.А.-ның жауапкер Б.М.-мен  араларындағы некені бұзу туралы  азаматтық ісі қаралды.  

Сот жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қарады

13/06/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабымен жеке айыптау ісі қаралды. 

Т.М. 2017 жылдың сәуір айында Тұщықұдық селосы, Мырзағалиев көшесі 11 үйде алкогольден масаң күйде өзінің жұбайына ұрынған, ол өзінің анасына телефон соғып жолдасының ұрынып жатқанын айтып, көмек сұраған. Ш. қызын алып кетуге келген кезде Т.М. оны ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiрген.

Заңсыз бекіре балығын сатып алған

13/06/2017

Ресей Федерациясының азаматы С.Ж. 2017 жылдың қаңтар айында Атырау қаласында орналасқан «Дина» базарына барып, осы жерде өзіне таныс емес ер адамнан жалпы салмағы 1,058 грамм болатын бекіре тұқымдас балығының екі дана кеспесін жалпы 1000 теңгеге заңсыз сатып алған.

Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

13/06/2017

Жекеше айыптаушы С.И. сотқа өзінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiргені үшін азаматтық некеде тұратын С.Х.-ны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап жекеше айыптау тәртібімен сотқа шағыммен жүгінген.

Сот жәбірленушінің шағымын өз өндірісіне алды.

Сот отырысының барысында жәбірленуші С.М., сотталушы С.Х. және кәсіби емес медиатор К.Жармухамбетовпен медиация туралы келісім жасақталты.