Архив событий

14/06/2017

Атырау облысы соттарының судьяларына алғыс хаттар келіп түсті

14/06/2017

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына азамат Т.Боранғалив, азаматшалар Қ.Сейтимова, Р.М.Аждембаева, «Айбөбек» ЖШС-гі жеке меншік балабақша директоры Ж.А.Атабаева және балабақша ұжымы, тәрбиеленуші балалардың ата-аналары, жеке кәсіпкер О.Н.Жариковтің аттарынан Алғыс хаттар келіп түсті.

Ювеналды сотта мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселесі талқыланды

14/06/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот қызметкерлері және Атырау қалалық білім бөлімі, Атырау қалалық  прокуратурасының өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты - мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру болып табылады.

Сот мемлекеттік орган тарапына жеке ұйғарым шығарды

14/06/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Д.В.Доброскок жеке кәсіпкеріне мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану, 128 гб адаптерімен қосалқы 5 дана жады карталарын ауыстыруға міндеттеу, 8 200 теңге тұрақсыздық айыбын, 200 000 теңге залал өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Талапты қанағаттандырудан бас тартылды

14/06/2017

Атырау қалалық сотында «Рыбник» бағбан қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігінің жауапкер Н.-дан берешекті өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер сотқа талап қою арызымен жүгініп, онда Н.-ның атында Атырау қаласы, «Рыбник» бағбан қоғамдастығы, № 122 учаскі мекен-жайы бойынша жер телімі тіркелгенін, жауапкер 2005 жылдан бастап мүшелік жарналарын төлеу бойынша міндеттемелер орындамай жүргенін, соның салдарынан 2005 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта 77 100 теңгеге берешек қалыптасқанын көрсеткен.

Сот ата-аналық құқықтың қалпына келтірілуіне себепкер болды

14/06/2017

Талап қоюшы А. сотта жауапкер «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі» мемлекеттік мекемесіне талап қойып, ата-аналық құқығын қалпына келтіруді сұраған.

Сот отырысында тараптар татуласу келісіміне келіп, оны бекітуді сұрады.

Татуласу келісімі бойынша талап қоюшы өзінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты ата-аналық құқығын қалпына келтіреді және ата-аналық міндеттерін орындауға міндеттенеді.

Құрманғазы аудандық сотының төрағасы брифинг өткізді

14/06/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Е.Аманғалиев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарастыру тәжірибесі бойынша брифинг өткізді.

Сот төрағасы Е.Аманғалиев өз баяндамасында АПК-нің 13 тарауының басқа талаптарын және қарау мерзімдері, жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде істерді қарастырудағы негіздерді белгілеп өтті.