Архив событий

15/06/2017

Атырауда көлік инспекторы алаяқтық үшін сотталды

15/06/2017

Атырау қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адаммен жасалған алаяқтық) жол патрульдык полициясы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Әкімшілік сотта көші-қоң полициясы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

15/06/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судьялар мен көші-коң полициясы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының мемлекетттік шекара режимінің белгіленген тәртібінде және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар талқыланды.

Көші-коң полициясының өкілдерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша сұрақтар қойылды.

Тергеу изоляторының қызметкері оңай жолмен ақша табуды шешкен

15/06/2017

Атырау қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен Ә.Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаметінің УГ-157/1 күзет және режим бөлімінің  (тергеу изоляторы) инспекторы тергеу үсті қамаудағы Д.А.-ға аталған мекемеге кіргізуге тыйым салынған ұялы телефонды кіргізіп беруге уәде еткен. Өз қызметі үшін полция қызметкері тергеу үсті қамаудағының досынан 20 000 тенге алып, артынша Маслопром ауданындағы №8 орта мектептің жанында ұсталған.

Ірі мөлшерде марихуана дайындағаны үшін 3 жылға сотталды

15/06/2017

Атырау қаласының № 2 соты полиция 45 килодан астам марихуанамен ұстаған азаматқа қатысты үкім шығарды.

Тергеу дерегінше, ол екі жыл бойы Махамбет ауданының Талғайран және Алмалы поселкесі аймақтарында «шөп» жинаған. Нәтижесінде азамат 45 килограмм аса ірі мөлшерде марихуана – есірткі затын дайындаған.

Сотта сотталушы Н.М. және оның қорғаушысы кінәні мойындау туралы процестік келісім жасауға ерікті түрде ниет білдірген.

Судья «Назар» телебағдарламасына қатысты

15/06/2017

Қазіргі уақытта соттарда сот әділдігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарын ашық көрсету үшін сот органдары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған.

«Мемлекеттік тіл - ел байлығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

15/06/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Мемлекеттік тіл - ел байлығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған дөңгелек үстелге Жылыой аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Б.Дюсебалиева, аудандық сот судьялары, кеңсе меңгерушісі, аудан әкімі аппаратың өкілдері және банк өкілдері қатысты.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

15/06/2017

Мақат аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Сот кабинеті» мен «Мобильді сот кабинеті» сервисін қолданушылардың санын ұлғайту мен халыққа сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мақсатында Атырау облысының Мақат аудандық соты мамандарымен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі С.Сагинова аталған сервисті қолдану тәртібін түсіндірді.

Құрманғазы аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

15/06/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Е.Амангалиев аудан тұрғындарына "Сот актілерінің орындалуы " тақырыбында ашық есік күнін өткізді.

Сот төрағасының қабылдауында Құрманғазы ауданының тұрғыны зейнеткер Т.Сарбасов келді. 2016 жылы Құрманғазы аудандық сотына Т.Сарбасов қарыз ақшаны өндіру туралы арызданған болатын. Сот шешімі Т.Сарбасовтың пайдасына өндіріліп, атқару  парағы сот орындаушыларға жіберілген. Алайда қазіргі уақытта сот актісі орындалмаған.