Архив событий

16/06/2017

«Сот кабинеті» сервисінің жұмысын жандандыру

16/06/2017

Атырау облыстық сотында «Сот кабинеті» ақпарттық сервисін кең көлемде насихаттау және түсіндіру тақырыбында  семинар өтті.

Аталған шараға Атырау облыстық сотының бөлім басшылары, сот мамандары, «Цесна Гарант», «Казахинстрах», «Номад Иншуранс» сақтандыру компанияларының өкілдері, нотариалдық палатаның өкілдері және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігі басқармасының өкілдері қатысты.

Атырау қалалық сотының судьясы «Заң қуаты» бағдарламасында қатысты

16/06/2017

Атырау қалалық сотының судьясы Қ.Салықбаев 2017 жылы 12  маусымда облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының тікелей эфиріндегі «Заң қуаты» бағдарламасына  қатысты.

Бағдарламада судья көрермендерге азаматтық істерді қараудатуындайтын негізгі мәселелерді, заңдылықтарға енгізілген соңғы өзгерістерді, сонымен қатар, сот шешімінің орындалуы туралы айтып өтті.

Тікелей эфирде судья қойылған сұрақтарға нақты жауаптар қайтарды.

Азамат мәжбүрлеп емдеуге жолданды

16/06/2017

Атырау қалалық сотымен арыз беруші Атырау облысы денсаулық сақтау Басқармасының «Атырау облыстық наркологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының   азамат И.-ды мамандандырылған емдеу профилактикалық мекемесіне нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотқа жүгінуге азамат И.-дың жүйелі түрде есірткі заттарды қолдананып, үйінде жан-жал шығаратыны, отбасы тыныштығын бұзатыны, жақын туыстарының денсаулығы мен өміріне қауіп тудыратыны негіз болған.

Бокстан облыстық мамандандырылған спортық клубының бұйрықтары заңсыз деп танылған

16/06/2017

Атырау қалалық сотына талап қоюшылар  О., Ш., М. жауапкер «Бокстан облыстық мамандандырылған спортық клубы» кәсіпорын мекемесіне аталған мекеменің директорының әрекеттерін, тәртіптік шара қолдану жөніндегі бұйрықтарды заңсыз деп тану және күшін жоюды, спорттық киімдерді беруге міндеттеу туралы талап қою арызымен жүгінген.

Құрманғазы аудандық сотында «Соттарда процеске қатысушылар арасында сауалнама жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

16/06/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында «Соттарда процеске қатысушылар арасында сауалнама жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға  сот төрағасы Е.Аманғалиев, Құрманғазы аудандық прокурорының прокуроры А.Сүйналиев, қорғаушы У.Сапарова мен сот отырысының хатшылары қатысты.

Қызылқоға аудандық сотында ашык есік күні өткізіледі

16/06/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық соты соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттап, сот жүйесінің беделін арттыру, аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында, аудан тұрғындары үшін сот төрағасының жеке қабылдауын ұйымдастырып, ашық есік күнін өткізеді.     

Ашық есік күні аудандық сот ғимаратында азаматтарды кабылдау бөлмесінде 2017 жылдың 20 маусым күні сағат 09:00 – 12:30 аралығында өтеді.

Азаматтық іс оңайлатылған тәртіппен қаралды

16/06/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотына  «BigAlmatyGroup» коллекторлық агенттік» ЖШС-гі жауапкер А.К.-дан несие шарты бойынша берешекті өндіру туралы талап арызымен жүгінген.

Сот ұйғарымымен талап қоюдың оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны белгіленді.

Сот  тараптарды шақырмай, істі жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарап, талап арызды ішінара қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.     

Келіні мен енесі ортақ келісімге келді

16/06/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен Г.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Г.Б.-ның келіні жәбірленуші М.Т. өзінің жолдасымен өзара келіспей қалып үйіне кетіп қалған. Алайда келесі күні жастар өзара татуласып келіні қайтадан үйіне келген. Кейін үй шаруасымен айналысып жатқан кезінде енесі құқықбұзушы Г.Б. келіні М.Т.-ны орынсыз балағаттап, оның ар-намысына тиетін сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзған.

Махамбет аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің артықшылықтарытүсіндірілді

16/06/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында «Сот кабинеті сервисінің артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға аудандық соттың қызметкерлері мен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің бас маман-заңгері М.Тасмағамбетова, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ғ.Мурзагалиев, аудандық Әділет басқармасының маманы Ж.Кабесова, аумақтық сот орындаушылар учаскесінің іс жүргізушісі Б.Досқайрова қатысты.

Құрманғазы аудандық сотының төрағасы колледжде дәріс оқыды

16/06/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Е.Аманғалиев Құрманғазы аграрлы-техникалы колледжіне дәріс оқыды.

Сот төрағасы дәрісте сот реформасының кезеңдері, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау аясында қабылданған шаралар, судьялардың VII съезі, сот ісін жүргізуде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, «Төрелік» ақпараттық жүйесі мен «Сот кабинеті» электронды сервисінің жұмысы туралы айтып өтті.