Архив событий

20/06/2017

Кішкентай қыз баланы өлтірді деп күдіктенген азамат қамауға алынды

20/06/2017

Атырау қаласының № 2 сотының тергеу судьясы адам өлтіру, яғни, басқа қылмысты жасыру мақсатымен, көрнеу кәмелетке толмаған адамды құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру болып табылатын әрекеттерін жасаған үшін  «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасына 2 айға санкция берді .

Мақат аудандық сотында 2017 жылдың 5 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

20/06/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында 2017 жылдың 5 айында  атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Шараға аудандық соттың төрағасы М.Искаков, кеңсе меңгерушісі С.Сагинова және «Мақат тынысы» газетінің тілшісі Л.Нурбаева қатысты.

Заңсыз «такси» қызметін атқарғаны үшін айыппұл салынды

20/06/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) жеке кәсіпкер Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ювенальдық соттың кеңсе меңгерушісі С.Айдарбаева радио толқынының тікелей эфирінен еліміздің сот жүйесінің дамуының негізгі бағыттары туралы айтты

20/06/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі С.Айдарбаева Атырауоблыстық радиотолқынының жаңалықтар бағдарламасында Қазақстан Республикасы сот жүйесінің дамуы тақырыбында сөз сөйледі.

Мотоциклды мас күйінде жүргізген

20/06/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Е.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Е. 2017 жылдың мамыр айында Атырау қаласы Дамбы тас жолы бойында «Асел» дүкені тұсында жүргізуші куәлігі болмаса да, «Урал» маркалы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі жоқ мотоцикл құралын мас күйінде жүргізіп, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының  6 бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысында азамат Е. кінәсін толығымен мойындады.

Атырауда жаңа облыстық соттың судьясы мен аудандық соттың төрағасы таныстырылды

20/06/2017

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов облыстың судьялар корпусына жаңадан тағайындалған судьяны және аудандық соттың төрағасын таныстырды.

Елбасының Жарлығымен Атырау облыстық сотының судьясы лауазымына бұрын Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық эклномикалық сотының судьясы лауазымында болған Хасан Сағат Қаламғалиұлы тағайындалды.