Архив событий

28/06/2017

Сот бақташының құқығын қорғады

28/06/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы»  мемлекеттік  мекемесінің жауапкер «Сүйіндік Асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС-нен  жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талап  арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. Себебі, ЖШС-гі ауылшаруашылығына арналған жер санатына жататын жер учаскесінің иесі бола тұра, жер учаскесінің бар аумағын мал бағуға пайдаланбаған.

Атырау қаласының әкімшілік сотының судьялары журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жақсылық Байланыс және ақпарат қызметкерлер күніне орай сот жұмысын тұрақты насихаттап жүрген тілшілер А.Базарбаев, Г.Елешева, С.Каттаркызын мерекелерімен құттықтады.

Сот төрағасы Ж.Жаксылык БАҚ пен сот билігінің арасындағы байланысты орнату маңыздылығына назар аударды және сол арқылы халықтың сот жүйесіне сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. БАҚ өкілдерінің жұмысының келешекте гүлденуіне тілектер білдіре отырып, алғыс хаттар табыстады.

Судьялар мен кәсіпкерлер өзекті мәселелерді талқылады

28/06/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот төрағасы Р.Жансықбаевтың және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері – құқықтар мәселелері бойынша директорының орынбасары С.Жолдыбаевтың және сарапшы Ж.Мусагалиевтың қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба», «Мемлекеттік сатып алуға қатысты даулар» тақырыбында өтті.

Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

28/06/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында талап қоюшы К.Аймуханованың жауапкерлер Г.Джаналиеваға, А.Жаналиевқа жер учаскесін сату сатып-алу шартын, тұрғын үй құжаттарын жарамсыз деп тану, жерге, тұрғын үйге меншік иесі деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Адвокаттардың қатысуымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасақталды.

Сот үйғарымымен тараптардың арасында жасақталған дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Жауапкер екі балаға әкелігін сараптама қорытындысы негізінде мойындады

28/06/2017

Жаңартылған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес, әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы даулар  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық  сотының  қарауына  берілген болатын.