Архив событий

30/06/2017

Мектеп медиациясы

30/06/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында татуласу рәсімін үйлестіруші судья Ж.Аятовпен «Мектеп медиациясы: мәселелері мен келешегі» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Жылыой аудандық білім бөлімі мен аудандығы барлық мектеп директорлары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мектеп медиациясының ұйымдастырылуы жан-жақты талқыланып, медиация кабинеттерінің ашылуына қатысты тиісті шараларды қолдану туралы келісім жасалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысы

30/06/2017

Атырау облыстық аудандық және оған тенестірілген соттарының судьялары және сот қызметкерлерінің ішкі талдау нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысы (2017 жылдың 29 маусымындағы жағдайы):

-    Сот қызметін қозғайтын нормативтік- құқықтық актілері бойынша құқық бұзушылық туралы акпарат болмады;

-  Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша Атырау облысының аудандық және оған тенестірілген соттарының судьялары және сот қызметкерлерінің қызметтері толықтай қаралды;