Архив событий

01/07/2017

Жылыой аудандық сотының төрағасы тұрғындарды қабылдады

01/07/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Аталған іш-шараның аясында Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жұмабаевтың қабылдауына аудан тұрғындары С.Сүгіров,  А.Альжанов, М.Жұмағазиев, М.Шаукеров келіп, еңбек даулары, заңдық маңызы бар фактілерді анықтау жөніндегі сұрақтар қойылды.

Сот төрағасы аудан тұрғындарын тыңдап, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сәйкес түсініктер беріп және қойылған сұрақтарына жауап берді.

Құрманғазы аудандық сотының судьялары журналистерге құрмет көрсетті

01/07/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Е.Аманғалиев және судья Г.Тасқынбаева жергілікті «Серпер» газетінің қызметкерлерін байланыс және ақпарат қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтап, өздерінің риясыздық еңбектері үшін, соның ішінде сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстарын, оның күрделілігі мен жауапкершілігі, сот жүйесінде болған реформалар туралы жергілікті тұрғындарды уақытылы хабардар еткендігі үшін өз алғысын білдірді.

Мерекелік шара өткізу барысында  БАҚ  өкіліне  құттықтау хаты мен  естелік сыйлықтар табыс етілді.

Байланыс және ақпарат қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

01/07/2017

Журналистика мамандығы Қазақстанда әрқашан ерекше орын алады, себебі бұқаралық ақпарат құралдары әлемде өте танымал. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен сот мамандары Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай «Атырау» газетінің тілшісі А.Базарбаев пен «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі С.Новакқа құрмет көрсетіп,  алғыстарын білдірді.

Тілектерден басқа судьялар естелік сыйлықтар мен гүл табыс етті.

Ұстаз - психолог судьялар мен сот қызметкерлеріне семинар-тренинг өткізді

01/07/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлеріне 40 жыл еңбек өтілі бар педагог-психолог, халықаралық психолог мастер-тренер, Ы.Алтынсарин атындағы  медаль иегері,  мектеп психологиясы турасында төрт кітаптың авторы Гайни Султанова  кезекті  семинар-тренинг  өткізді.

Құрманғазы аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

01/07/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Е.Амангалиев, «Серпер»  газетінің тілшісі Қ.Ғұмаров, жергілікті полиция қызметкерлерінің учаскелік полициялары, прокурордың орынбасары М.Рахимовтың қатысуларымен «Гендерлік саясат» тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді.

Тараптар медиациямен татуласты

01/07/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Миялы селосының тұрғыны азамат Б.М.-ға қатысты жекеше айыптаудағы қылмыстық іс қаралды.  

Сотталушы Б.М. Миялы селосының тұрғыны Т.А.-ның кәмелетке толмаған баласының басына аулада жатқан ағаш таяқты лақтырып, басын жарақаттаған.

Сот отырысында сотталушы Б.М. жәбірленуші мен оның өкілінен кешірім сұрап, өзара медиациялық тәртіппен тауласуларына байланысты, өзіне қатысты істі тоқтатуды сұрады. 

Арам ойын іске асыра алмады

01/07/2017

Ақтөбе қаласының тұрғыны С.Т. «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп», оңай табыс таппақ ниетпен 2017 жылғы 07 ақпанда Т.Е.-мен ұялы телефон арқылы келісіп, мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, сақтау мақсатында бір тонна дизель жанар майын 85 000 теңгеге сатып алған. Қылмыстық жолмен сатып алған мұнай өнімдерін інісі С.Т.-нің басқаруындағы «Газель-2811sb» маркалы автокөлігіне тиеп алып, Атырау қаласына тасымалдап кетіп бара жатқанда полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

01/07/2017

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі, әңгімелесу өткізу кестесі

 

 

ТАӘ

Конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

01/07/2017

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның және барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі: