Архив событий

11/07/2017

Қорғаушылармен жұмыс бабында кездесу

11/07/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында сот судьяларының аудандық заң консультациясының адвокаттарымен азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, татуласу рәсімдерін жан-жақты дамыту бойынша өзара іс-қимылды нығайту, сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, судьялар мен адвокаттар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында кездесу өтті.

Айыппұл тағайындалды

11/07/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 676 бабымен құқықбұзушы Ч.П.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Ч.П. Атырау облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде пробациялық бақылауда тұрып, 2017 жылдың мамыр айында Атырау облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға инспекторының ұялы телефонын бірлікпен толықтырып, «Это вам от души» мәтінінде хабарлама жіберген.

Сот қызметкерлерінің атына Алғыс хат

11/07/2017

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына «Атырау Кеден Logistics» ЖШС-нің директоры азамат С.У.Утешевтен Алғыс хат келіп түсті.

Хат авторы С.Утешев Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің қызметкерлері Гүлбақыт Тукенова, Нұргүл Марденова, Шынар Ермекқалиеваның еңбектегі кәсіби шеберлігі, жұмыста жеделділігі, қарапайымдылығы үшін зор алғысын білдіріп, олардың қызметтеріне шабыт пен табыс тіледі.

Тас жолдағы тайталас ажалға ұрындырды

11/07/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау-Индер тас жолында адам өлтіру оқиғасы  бойынша қылмыстық іс қаралып, аяқталды.

Сотта анықталғандай, жәбірленушілер Е.О.,Е.А. және Е.Ж. сотталған М.А.-мен Атырау-Индер тас жолының бұрылысында кездеседі, соңғысы оларға 160 000 теңге бережақ болған.