Архив событий

12/07/2017

Ата - ана арасындағы дау медиациялық келісіммен шешілді

12/07/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында балалардың тұрғылықты жерін анықтау турасындағы дау бойынша 20 азаматтық іс қаралып, оның 16-сы медиация тәртібімен аяқталған.

Сот тәжірибесінде негізінен жұбайлардың некелері бұзылған кезде сот шешімімен балаларының тұрғылықты жері  анасымен  белгіленіп, әкесімен  ұдайы кездесіп тұрады.

Сот медиациялық келісімді бекітті

12/07/2017

Талап қоюшы «Атырау» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы жауапкер Ж.Ш. және басқалардан 5 002 286 теңге негізгі қарызды, 202 305 теңге сыйақыны және 2 517 280 теңге өсімпұлды  ортақ өндіру туралы талаппен сотқа жүгінген.

Сот талқылауында қарыздың ішінара өтелуіне байланысты тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді сотқа ұсынды.

Келісім шарты бойынша аталған жауапкерлер талап қоюшының есепшотына қарыздың қалған бөлігін 2017 жылдың 31 тамызына дейін аударуға міндеттенеді.

Ірі мөлшердегі алкоголь өнімдері тәркіленді

12/07/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлігінің 7-тармақшасымен «Бақ-Береке» кооперативіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Ақтөбе қаласының тұрғыны М.Т. «Камаз-5484» маркалы автокөлігімен ілеспе жүкқұжатсыз арақ өнімдерін алып келе жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған. Тасылмалданған арақ өнімдерінің құны 10 832 700 теңгені құраған.

Сот отырысында «Бак-Береке» өндірістік кооперативінің өкілі Н.С. өз кінәсін мойындады.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл

12/07/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны заңнамасын бұзған Армения Республикасының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, көші-қон полициясы Армения Республикасы азаматшасының құжаттарын тексеру барысында шетел мемлекеті азаматшасының Қазақстан Республикасының аймағына 2016 жылы кіріп, Қазақстан Республикасының аумағында ішкі істер органдарында тіркелмей, алты айдан астам уақыт тұрып жатырғанын анықтаған.