Архив событий

13/07/2017

Сотпен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

13/07/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер К.-ға қарыз ақшасын өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Талап қоюшы Б. жауапкер К.-дан осы күнге дейін  бермей жүрген  қолхатқа сай барлығы 80 000 теңге берешек ақшаны өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Сот отырысы барысында тараптар судьяның қатысуынсыз, тараптардың қорғаушыларының жәрдемдесуімен тараптар арасында жасақталған дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім шартты ұсынды.

Бұзақылық үшін қамаққа алынды

13/07/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында құқықбұзушы В.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы В.А. қоғамдық орында, Атырау қаласы Сатыбалдиев көшесінде орналасқан «Магнит» шағынмаркеті алдында өзіне бейтаныс адаммен төбелескен. Ол бұл әрекетімен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 тармағымен ұсақ бұзақылықты жасаған.