Архив событий

14/07/2017

«Мектеп медиациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14/07/2017

Атырау қалалық сотында судьялардың қатысуымен «Мектеп медиациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде төрағалық етуші А.Ерманов Болгариядағы Софья университетінің профессоры Татьяна Дронзинаның 2017 жылғы 14 маусымда өткізген «Мектеп медиациясы: мәселелері мен келешегі» тақырыбында  материалдарды судьяларға таныстырып, оны жұмыста қолдануды тапсырды.

Атырау қалалық сотының судьясы Э.Дощанова өз баяндамасында мектеп медиациясына толық түсінік беріп өтті.

Сот дүкен сатушысына айыппұл салды

14/07/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен азаматша Е.С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Махамбет ауылындағы «Мақсат» азық-түлік дүкеніндегі сатушы Е.С. 10 жастағы қыз балаға сиымдылығы 0,5 литр арақ өнімін сатқан. Яғни, салдарын біле тұра, жиырма бір жасқа толмаған азаматқа алкоголь өнімін өткізген.

Алаяққа қатысты жазаның орындалуы 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылды

14/07/2017

Атырау қаласының № 2 сотында алаяқ Т.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, аяқталды.

Сотта анықталғандай, Т.А. мектеп бітіру кешін ұйымдастырып беремін деп уәде беріп, әр жәбірленушіден 55 000 теңге көлемінде ақша алған. Нәтижесінде 16 жәбірленушілерге зиян келтірген.

Сот отырысында сотталушы жәбірленушілермен татуласқанын, келтірілген залалдың орны толтырылғанын, жәбірленушілердің өзіне кешірім бергенін айтып, істі қысқартуды сұрады.

Атырау қалалық сотында сот мамандарымен семинар-тренинг өткізілді

14/07/2017

Атырау қалалық сотында сот мамандары және кеңсе меңгерушісінің қатысуларымен АЖ «Төрелік істерді автоматтандырылған бөлу» тақырыбында  семинар-тренинг өткізілді.

Семинарды Атырау қалалық сотының төрағасы А.Ерманов жүргізді.

Қарақшылық шабуыл үшін сотталды

14/07/2017

Атырау қаласының № 2 сотында қарақшылық қылмыстық әрекетті жасағаны үшін айыпталған бес сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралып, аяқталды.

Іс құжаттарына сәйкес, қарақшылық топтың бір мүшесі Атырау қаласындағы үйлердің бірінде ірі мөлшерде ақша бар екенін біліп, оны ұрламақ болған.

Сөйтіп арам пиғылын жүзеге асыруға өзінің таныстарын тартқан.

Қарақшылар бірнеше күн бойы үйді, үйдің иесін бақылап, қылмысты жасау жоспарын жасақтайды.