Архив событий

21/07/2017

Атырау қалалық сотының судьясы «Поговорим о важном» бағдарламасына қатысты

21/07/2017

2017 жылдың шілде айының 17-де жергілікті «Қазақстан-Атырау» телеарнасындағы «Поговорим о важном» бағдарламасының кезекті шығарылымына Атырау қалалық сотының судьясы Г.Турганова  қатысты.

Тікелей эфирде судья Г.Тургановамен  «Екінші деңгейдегі банктік заем шарттары бойынша туындайтын өзекті мәселелері» тақырыбында сұхбат берілді. Сонымен қатар, аталған санаттағы азаматтық істердің жеңілдетілген тәртіпте қаралуы бойынша мәселелер, екінші дәрежедегі банктердің комиссия өндірудегі әрекеттері туралы айтылды.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Мектеп медиациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

21/07/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судьялар мен мамандардың қатысуымен «Мектеп медиациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде мектеп медиациясын енгізу, балаларға қатысты даулар бойынша міндетті сотқа дейінгі медиация рәсімін енгізу бойынша мәселелер талқыланды.

Ювенальдық сотта Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

21/07/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Дау медиация тәртібімен шешілді

21/07/2017

Атырау қалалық сотында талап қоюшы Р.-дың жауапкер А.-ға жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі бойынша тараптардың арасында медиациялық келісім бекітілді.

«Facebook» әлеуметтік желісінде жағымсыз пікір қалдырғаны үшін 4 тәулікке қамаққа алынды

21/07/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат С. 2017 жылдың маусым айында «Атырау-Астрахань» тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша «Facebook» әлеуметтік желісіндегі Атырау ОІІД-нің ресми парақшасында жарияланған хабарламаға былапыт сөздер жазып, өзінің пікірін қалдырған.

Сот отырысында азамат С. кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді.

Бөтен тауар белгісін пайдаланғаны үшін айыппұл

21/07/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 158 бабының 1 тармағымен «Д.Т.» жеке кәсіпкеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың маусым айында жоспардан тыс тексеру барысында Атырау қаласында орналасқан «Д.Т» жеке кәсіпкері қызметінде «IKEA» тауар белгісінің атауын безендіруде қолданылып, заңсыз пайдаланылғаны анықталған.

Сотпен «Д.Т» жеке кәсіпкері кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 90 760 тенге айыппұл тағайындалды.

"WhatsApp" желісі арқылы балағаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

21/07/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен азаматша О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы О. өзінің танысының қызының ұялы телефонына «WhatsApp» желісі арқылы ар-намысына тиетін сөздер жіберіп, ұсақ бұзақылық әрекет жасаған.

Сот отырысында азаматша О. кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінді.