Архив событий

24/07/2017

Балабақша тәрбиешілері медиация көмегімен татуласты

24/07/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен сотталушы Н.Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Н.Б. Миялы селосында балабақшада тәрбиешілік қызметін атқарып, өзінің әріптесі Т.К.-нің сөмкесінен ақша ұрлаған. 

Басты сот талқылауында сотталушы Н.Б. кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірген залалды толығымен өтегенін, жәбірленушімен медиациялық келісімге келгенін айтып, соттан қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Балық аулау ережесін өрескел бұзғаны үшін жазасын алды

24/07/2017

С.К. 2017 жылдың маусым айында Мартыши аймағындағы Каспий теңізінде моторлы қайығының үстінде отырып, балық аулайтын торын лақтырып жатқан жерінен балық қорғау инспекциясы қызметкерлеріне ұсталған.

Осы әрекетімен ол балық аулау ережесін өрескел бұзған.

Сот отырысында С.К. өз кінәсін мойындады.

Қызылқоға аудандық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында медиация әдісі қолданылған қылмыстық істер саны былтырғымен салыстырғанда едәуір артқан

24/07/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында медиация тәсілін қолданумен қаралған қылмыстық істер саны жылдан жылға артып келеді. Ол бойынша статистикалық деректерге сүйенсек, 2016 жылдың 6 айында барлық қаралған 10 қылмыстық істің 1-і ғана медиациямен қысқартылса, биыл осы мерзімде қаралған 15 істің 11-не медиация тәсілі қолданылғаны айқын дәлел.

Индер аудандық сотының төрағасы дәріс оқыды

24/07/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотының төрағасы Д.Тұхфатова Жарсуат, Бөдене ауылдық округтерінің тұрғындарына даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ережені талқылау бойынша дәріс оқыды.

Шараға ауылдық округ әкімдері Ж.Ғизатов, Н.Азгалиев, кәсіби емес медиаторлар Е.Дәуітбай, К.Бекет, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.