Архив событий

31/07/2017

Сот табиғи газды пайдаланғаны үшін берешек соманы төлету туралы шешім шығарды

31/07/2017

«КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның К.С.Куспанова жеке кәсіпкерінен 51 415 069 теңгені өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгінді. Талап арызда анықталғандай талап қоюшының табиғи газды пайдаланғаны үшін берген талаптарын жауапкер орындамаған.

Талап қоюшы өкілінің түсініктемелерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, дәлелдемелерге баға беріп, сот, талап қоюшының талабын төменде көрсетілген негіздер бойынша қанағаттандыру қажет деген тұжырымға келеді.

Махамбет аудандық сотында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша брифинг өтті

31/07/2017

Махамбет аудандық сотында 2017 жылдың екінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудағы аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы аудандағы БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Аудандық соттың төрағасы Б.Қадырғалиев мәжілісті ашып, 2017 жылдың екінші жартыжылдығынд атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты және статистикалық мәліметтерді тізбектеді. Атап айтқанда ол азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердің көрсеткіштерін былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырмалы түрде баяндады.