Архив событий

02/08/2017

Судьяның атына алғыс хат

02/08/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарсы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәмидің атына Атырау қаласының тұрғыны азаматша А.А.Велиевадан Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғ.Отарұлының атына Алғыс хат келіп түсті.

Хат авторы Велиева Айша судья Ғ.Отарұлының кәсіби шеберлігі, әділдігі, адалдығы мен сыпайылығы, заңды жан-жақты біліп және оны сақтағаны, өзіне қатысты азаматтық істі объективті түрде қарағаны үшін алғысын білдірді.

Жылыой аудандық сотында дауды медиация тәртібімен реттеу мәселелері талқыланды

02/08/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Дауды медиация тәртібімен реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Шараға аудандық ішкі істер бөлімі, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және  қорғаушылар  қатысты.