Архив событий

07/08/2017

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

07/08/2017

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жарияланған жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі, әңгімелесу өткізу кестесі

 

ТАӘ

Сот кафеде травматикалық тапаншадан атқан азаматты бас бостандығынан айырды

07/08/2017

Атырау қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2) тармағымен (қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық) айыпталған М-.ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Әкесіне сыйламаушылық көрсеткені үшін қамаққа алынды

07/08/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен Н.Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Құқықбұзушы Н.Б.Махамбет ауылындағыүйіне алкогольден масаң күйде келіп, айқай шу шығарып, өзінің әкесі Ш.С.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп,отбасының тыныштығын бұзған.

Айта кетерлігі, құқықбұзушы бұған дейін де дәл осындай әрекетті үшін жауапқа тартылған.

Алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған

07/08/2017

Атырау облысының Мақат аудандық  сотында сотталушы А.Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің  346-бабының 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық бойынша іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А.Д. бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, тағы да 2017 жылдың шілде айында Мақат поселкесінде орналасқан Залина мейрамханасына қарсы жолда  автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Тараптар судья медиатор арқылы татуласуға ниет білдірді

07/08/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында талап қоюшы К.Е. жауапкер Т.С. арасында тіркелген некені бұзу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талап қоюшы К.Е. жұбайымен жанұя тұрақтылығын сақтап қалғысы келетіндерін, араларында өсіп келе жатқан балаларының бар екенін,өзара татуласқандарын айтып, дауды медиация тәртібімен реттеуді сұрап, медиацияны рәсімін төрағалық етуші судьяның өзі өткізуін сұраған.

Сиырды қағып кеткен көлік қожайынына айыппұл салынды

07/08/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 тармағымен азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың шілде айында А. «Mitsubishi Pajero» маркалы көлігін басқарып келе жатып, Атырау қаласы Говарова көшесі «Метало Сервиса» ғимараты тұсында сиырды қағып кеткен.

 Осылайша А. Жол жүрісі Қағидаларының  10.1 тармақтарын сақтамай, ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 тармағығымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.