Архив событий

09/08/2017

Поселке тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

09/08/2017

Мақат аудандық сотымен Ә.Мұхсимге қатысты ҚК-тің 307-бабының 1-бөлігі (заңсыз ашу ойын бизнесі саласындағы қызметті ұйымдастыру, ойын бизнесі) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ә.Мұхсим 2017 ж. бас кезінде Букмеркерлік кеңсеге керекті жабдықтарын алып, құмар ойындарын ұйымдастырған.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлерімен «жедел сатып алу» өткізіліп, Ә.Мұхсимның заңсыз қызметі әшкерленді.

Сотпен тараптар арасында медиациялық келісім бекітілді

09/08/2017

Атырау қалалық сотында талап қоюшы С.-ның жауапкер Н.-дан 1 000 000 теңге көлемінде берешек ақша өндіру және Н-ның С-ға қолхатты жарамсыз деп тану туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралып, тараптардың арасында медиациялық келісім бекітілді.

Ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін жазаланды

09/08/2017

Атырау облысы  Жылыой  аудандық сотында азаматша А-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613 бабының 1-бөлігімен (Ішкі істер, жол полиция органдары қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы азаматша  А. өз автокөлігін басқару барысында жол-патрульдік полициясының автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаныдықтан, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.