Архив событий

14/08/2017

Атырауда күбірді пара ретінде алған селолық округтің әкімі сотталды

14/08/2017

Сотта анықталғандай, азамат И. Ақсай селолық округінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алуға рұқсат құжаттарына қол қойдыру үшін Ақсай селолылық округінің әкіміне жүгінген. Бірақ әкім оның жеке кәсіпкер екенін, жүк көлігімен күбір сатып, тасылмайтынын біліп, одан өзінің егіндігіне 30 қап күбір әкеліп беруді сұраған. Содан кейін құжаттарына қол қойып беруге уәде еткен.

Атырауда букмекерлік кеңседе қарулы шабуыл жасаған қаскөйлер сотталды

14/08/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіруге оқталған және бұзақылық жасаған үш Жылыой ауданының тұрғынын соттады.

Басты сот талқылауы барысында анықталғандай, 2017 жылдың 15 ақпанында Құлсары қаласындағы букмекерлік кеңседе жәбірленушілер Е. мен А. отырған кезде Б.,К., және Д., таяқ пен қарумен қамданып, баса көктеп кіріп келген.

Сөйтіп олар екі жәбірленушіге шабуыл жасап, оларды таяқтың астына алған, ал қолында мылтығы болған Д. жәбірленушілерге бағыттап оқ жаудырған.

Тараптар сотта татуласты

14/08/2017

Атырау облысы Индер аудандық сотында талап  қоюшы А.-ның жауапкер Г.-ға   қарыз ақша  650 000 теңгені,   төленген мемлекеттік баж   6 500  теңге өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде сұхбат берілді

14/08/2017

Сот төрелігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарын ашық көрсету үшін сот органдары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Осыған орай  Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі С.Айдарбаева  «Қазақстан - Атырау» телеарнасына«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген  өзгерістер мен толықтыруларжөнінде  сұхбат берді.

Әкімдік қызметкерін жұмысқа қайта алатын болды

14/08/2017

Атырау облысы Индер аудандық сотында талап  қоюшы Қ.-ның жауапкер Бөдене селолық округі әкімінің өзін қызметінен босату туралы өкімін бұзуды, жұмысқа қайта орналастыруды және амалсыздан жұмысқа шықпаған күндері үшін жалақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта тараптар арасында татуласу тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.

Партисипативтік келісім бекітілді

14/08/2017

Жылыой аудандық сотында  талап қоюшы  Е-нің жауапкер К-ге  өзінің меншігіндегі автокөлігімен балаларының  туу туралы куәліктерін  қайтарып беруді міндеттеу туралы талап қою арызы бойынша және талапкер К-ның   жауапкер Е-ге автокөлікке меншік құқығын тану, көлік құралын тіркелу куәлігінің күшін жою туралы қарсы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.