Архив событий

16/08/2017

Жұбайын соққаны үшін 10 тәулік қамаққа алынды

16/08/2017

Қызылқоға аудандық сотында 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының  № 84-VI заңымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі жаңа 73-1, 73-2 баптарымен айыпталған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы А.И. алкогольден масаң күйде өзінің заңды некедегі зайыбы Ж.С-ны ұрып соғып, оның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтіріп, құқық бұзушылық жасаған.

Сотта жәбірленуші Ж.С. бұлайша өзін ұру бірінші рет еместігін айтып, заңды шарасын қолдануды сұрады.

Екі жолақты кесіп өткен

16/08/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК 596-бабының 3 тармағымен әкімшілік іс қаралды.