Архив событий

21/08/2017

Атырауда судьялар мен нотариустар атқару жазбаларының қолданылу тәжірибесін талқылады

21/08/2017

Атырау облыстық сотында облыс судьяларының және Атырау облысы нотариаттық палатасының нотариустарының қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, онда қатысушылар атқару жазбаларын жетілдіру, соның ішінде, нотариуске жүгінудің тәртібі мен талабы, мемлекеттік бажды төлеу, атқару жазбаларын орындау секілді мәселелерді қозғады.

Соттарда сотталған және уақытша қамаққа алынғандардың «сот кабинеті» сервисі арқылы құжаттар алмасу тақырыбы аясында кездесу өткізілді

21/08/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  сотталғандар және уақытша қамауда отырғандардың сотқа құжаттарын «Сот кабинеті»сервисіарқылы жолдауды таныстыру мақсатында  сот қызметкерлері және құқық қорғау органдары, түзеу мекемелері және қылмыстық атқару инспекциясы қызметкерлеріменкездесу өткізілді.

Сотпен татуласу келісімі бекітілді

21/08/2017

Атырау облысы Индер аудандық сотында талап  қоюшы Қ.-ның жауапкер Бөдене селолық округі әкімінің өзін қызметінен босату туралы өкімін бұзуды, жұмысқа қайта орналастыруды және амалсыздан жұмысқа шықпаған күндері үшін жалақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Еңбек дауы медиация тәртібінде қаралды

21/08/2017

Атырау облысы Жылыой аудандық  сотында талапкер  Д.-ның жауапкер  «ЮСС Супорт-Сервисез»  ЖШС-не  жұмыс орнына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген  күндеріне еңбек ақы өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді судьяның бекітуін сұрады.