Архив событий

23/08/2017

«Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында жаңашылдықтар таныстырылды

23/08/2017

Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Ішкі істер министрлігінің Бірлескен бұйрығына сәйкес 2017 жылдың 15 тамызында «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы іске қосылға болатын.

Басты мақсат – қылмыстық сот ісін жүргізуге сандық технологияларды енгізу, оның айқындығын арттыру, қылмыстық процесстің мерзімін қысқарту, сондай-ақ қағаз жұмыстарын оңтайландыру.