Архив событий

28/08/2017

«Мұражай-ел мәртебесі, тарихымыздың төлқұжаты»

28/08/2017

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең басты шарты бұл -  ұлттық кодын, тарихын сақтау туралы айтылған.

Рухани жаңғыру бойынша іс шараларды іске асыру аясында, Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жумабаев, судья Ж.Аятов және  сот қызметкерлері Құлсары қаласындағы «Атамекен» аудандық мұражайында болды.

Қызылқоға аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру мақсатында дөңгелек үстел өтті

28/08/2017

Қызылқоға аудандық сотында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықты жою  –  қоғамның басты міндеті мен борышы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мемлекеттік тіл - сот өндірісінде

28/08/2017

Атырау облысы Индер аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапханада «Мемлекеттік тіл-сот өндірісінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы Д.Тухфатова, кеңсе мамандары, білім беру мекемесі мен ішкі саясат бөлім өкілдері қатысты.

Жылыой аудандық сотында қылмыстық іс "онлайн" жүйе қаралды

28/08/2017

Қазақстан судьяларының VI съезінде Елбасы «Сот төрелігіне азаматтардың қалың тобы қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды. Соттың іс қарауы хаттамасын толық және сапалы қамтамасыз ететін тетік ретінде сот үдерістерінің электронды тіркелімін жаппай енгізген жөн. Бірінші инстанциядағы барлық соттарды бейнеконференция байланысымен қамтамасыз ету қажет, бұл сот төрелігін қашықтан жүзеге асыруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті.