Архив событий

04/09/2017

Атырау қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

04/09/2017

Атырау қалалық сотында «Конституция ел тұрақтылығының кепілі» тақырыбы аясында, Атырау қалалық соттың судьяларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.  

 Атырау қалалық сотының төрағасы А.Ерманов өткізілгелі отырған іс шараның маңыздылығын ескеріп, ҚР өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыра отырып, оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігін атап өтті.

Ювеналды сотта ата-ана арасындағы дау партисипативтік келісіммен реттелді

04/09/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында некелері бұзылған жұбайлардың   арасында  кәмелетке  толмаған  баласының тұрғылықты жерін анықтау туралы  дау бойынша азаматтық іс қаралып, өз мәресіне жетті.

Талап қоюшы сотқа арызданып, талап қою арызында некесі бұзылған соң әкесімен бірге қалған қызының тұрғылықты жерін өзімен бірге айқындауды сұраған.   

Атырауда түзеу колониясының қызметкерлері сотталды

04/09/2017

Атырау қаласының № 2 сотында УГ-157/9 мекемесінің қызметкерілеріне қатысты үкім шығарылды. Олар лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдаланды деп айыпталған.

Атап айтқанда, мекеме қызметкерлері Ж.Д. және А.Е.  жазасын өтеуші М.Т.-ны таңғы дене шынықтыруды жасамағаны және бұйрықты орындамағаны үшін екі қолын артқы қайырып, ұрып, тепкен. Нәтижесінде, жәбірленуші «жеңіл» дәрежелі дене жарақат алған.