Архив событий

05/09/2017

Тараптар медиациялық келісімге келді

05/09/2017

Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы «СПК «Атырау» АҚ-ң жауапкерлер Б.К-ге және басқаларға шарт бойынша қарызды ортақ түрде өндіру туралы азаматтық ісі қаралған.

Талап қоюшы «СПК «Атырау» АҚ-мы «КТ «Шынтас»ЖШС-мен арасында 2011 жылы жасақталған кепілдеме шарты бойынша (ортақ жауапкершілік туралы) 2 615 645 теңге негізгі қарызын, 48 408 теңге сыйақысын және 770 766 теңге айыппұлды жауапкерлерден ортақ түрде өндіру туралы талаппен жүгінген.

Кәмелетке толмаған бөлесін масаң күйге жеткiзген жігіт қамауға алынды

05/09/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған туысын масаң куйге жеткізген Құрманғазы ауданының тұрғынына  қатысты әкімшілік  іс қаралды.

2017 жылдың 04 шілдесінде, сағат 22.00 шамасында, Құрманғазы ауданы тұрғыны, жасы кәмелетке толмаған  бөлесіне сыра ішкізіп,  масаң күйге дейін жеткiзген.

Атырауда сот досын ұрып өлтірген жігітке үкім шығарды

05/09/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балалық шағынан бергі досын өлтірген М.Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Басты сот талқылауы барысында анықталғандай, 2017 жылдың 02 наурызы күні Атырау қаласында соттталушы Р. досы Б.-мен бірігіп спирттік ішімдіктерін ішкен. Ішімдік ішу барысында олардың арасында жанжал туындап, Б. сотталушының басына шай төгіп ас үстелін төнкеріп жіберген.