Архив событий

11/09/2017

Атырау соттарында «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы іске қосылды

11/09/2017

Бүгін Атырау облысының соттарында «Электрондық қылмыстық іс» электрондық жүйесі бойынша пилоттық жоба өз жұмысын бастады.

Осыған орай,  Атырау қаласының №2 және Жылыой аудандық соттарында облыс судьяларының, прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Департаменті және ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуларымен кездесулер өтіп, онда қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа электрондық жүйесі таныстырылды.

Алқабилер соты айыптау үкімін шығарды

11/09/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында педофилға қатысты үкім шықты.

Сот талқылауы барысында анықталғандай, 2017 жылдың 17 сәуірі күні Атырау қаласы, Мирный ауылында мас күйдегі К. үйдің жанындағы 9 жасар Э.-ны көреді. Содан оны ұстап алып, қорыққан қызды бейіт жаққа апарып, оны зорламақшы болған.

Алайда қыз зорлықшыдан қашып құтылып, үйіне қарай жүгірген.   

Сотты құрметтемеушілік үшін әкімшілік жазаға тартылды

11/09/2017

А..Е. процеске қатысушылардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда Исатай аудандық сотына жауапкер ретінде 2017 жылы 04 қыркүйекте сағат 15.00-де тағайындалған сот отырысына тиісті түрде шақыртыла тұра, сотқа дәлелді себептерсіз келмей, сотты құрметтемеушiлiк білдіретін  әрекет жасаған.

Сот отырысында өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс жүргізіліп жатқан адам А.Е. өзінің кінәсін толық мойындады.

Сотпен жеке кәсіпкердің талабы қанағаттандырылды

11/09/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкер Г.М.Махмудовтың жауапкер «Caspian Fish Co Azerbaijan» жауапкершілігі шектеулі қоғамынан 7 070 861 тенге берешегін, 351 495 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сай, сатушы қара балық түрлерін сатуға, сатып алушы қара балық түрлерін қабылдап алып төлеуге міндеттенген. Келісім шарттың қосымшасына сай, шарттың жалпы құны 244 000 АҚШ долларын құраған.

Медиациялық келісімге қол жеткізілді

11/09/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 188-бабының 2 бөлігінің 1,2,3 тармақтарымен  Б.Б.-ға және басқаларына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар осы жылдың жаз мезгілінде Атырау-Индер тас жолының 47-ші шақырымында орналасқан жәбірленуші К.С.-ның шаруа қожалығының мал қорасына барған. Кейін сотталушылар мал қораға кіріп, 25 бас қой малдарын далаға айдап шығып, оқиға болған жерден қашып кеткен. Нәтижесінде жәбірленушіге 790 000 теңге материалдық залал келтірілген.

Көршілер медиация арқылы татуласты

11/09/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-бөлігімен С.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2017 жылдың тамыз айындакөршілер С.Б. мен жәбірленуші У.С. арасында құдықты пайдалану үшін жанжал туындап, С.Б. жәбірленуші У.С.-ны ұрып, оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Істі қарау барысында С.Б. жәбірленушімен татуласуға ниет білдірген.

Сот тараптарды татуластыру үшін медтаторды шақырған.

Бөтелкелесінің мас болған сәтін пайдаланған

11/09/2017

Атырау облысының Жылыой  аудандық соты ұрлық жасады деп айыптау бойынша  азаматша А.-ға қатысты қылмыстық істі медиация тәртібінде  қарады.

Сот анықтағандай, азаматша А. 2017 жылдың тамыз айында Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы пәтерінде жәбірленуші Б. екеуі бірге сыра ішкен. Жәбірленуші мас болып үйықтап қалаған кезде азаматша А. оның банкоматтық қартасын ұрлап, «Халық банкі» банкоматынан 17 000 теңге ақшасын шешіп алып, жәбірленуші Б.-ға 17000 теңге материалдық шығын келтірген.